Қазір Қазақстанның барлық өңірі атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізуге белсенді дайындалуда. Сайлау құқығы бар 8 мыңнан астам тұрғын тіркелген Абай облысының Көкпекті ауданы әзірлік жұмыстарына кіріскен. Азаматтардың құқығы қалай қамтамасыз етілетіні және маңызды саяси оқиғаға дайындық қалай жүріп жатқаны туралы әріптесім айтып береді. Референдум-бұл маңызды шешімдер халықпен бірге қабылданатындығын көрсететін тарихи саяси оқиға. Яғни, бұл әлемдік тәжірибеде қалыптасқан ең демократиялық жол. Атом энергетикасын дамыту сияқты мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кең талқылаулар өткізуге шешім қабылдады. 6 қазанда әрбір қазақстандық атом электр станциясының құрылысына "қарсы" немесе "келісемін" деп дауыс береді. Әзірге Қазақстанның барлық ауданында жалпыұлттық референдумға дайындық жүріп жатыр.
Ерасыл Оразханов - Көкпекті ауданы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы
Көкпекті ауданы бойынша 8 817 азаматар тізіміне еңгізілді. Олар 29 референдум учаскесінде өз таңдауларын жасай алады. Азаматтар денсаулығына байланысты участокқа келе алмаған жағдайда өтініш бойынша комиссия мүшелері үйлеріне барып, дауыс беріге құқылы.
Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар үшін жеке кабинка құрылды. Ол кеңірек және жақсы жарықтандырылған. Қазіргі уақытта азаматтар референдум ережелерімен танысуда, сондай-ақ есептен шығару талондарын ұсынуға өтінімдер қабылдайды. Сондай-ақ, атом электр станциясын салуды қолдайтын Халық штабы құрылды. Штаб мүшелерінің арасында білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, "AMANAT" партиясының белсенділері және басқалар бар. Олар аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Штабтың 22 мүшесі бар.
Назира Күшікбаева – халық штабының мүшесі
Қазір біз 14 кездесу өткіздік ауданымыз бойынша, және ауылдык округіміз бойынша. Ең бастысы сұрақтарда бізге керек па деген сұрақтары. Және де қандай мамандар оны қамтамасыз етеді, қандай мамандар оған жауапты деген сұрақтар көп қойылуда ауылдың тұрғындарынан. Ол сұрақтарды біз жеке бақылауымызға алып, жанағы халықтық штаб мүшелерінде тұрғынның әр сұрағына жауап беруде белсенділеріміз.
Референдум күні Көкпекті ауданында дауыс беруге арналған 29 учаске жұмыс істейтін болады. Олардың 4-і аудан орталығында болады. Дәстүр бойынша, бірінші рет дауыс бергендерге және учаскеге бәрінен бұрын келгендерге шағын сыйлықтар беріледі. Дауыс беру таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін өтеді.
Нұргүл Садықова