Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиясын, басымдықтары мен болашағын айқындайтын басты құжат. Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа арнаған кезекті Жолдауы мемлекеттік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарды айқын көрсетуімен ерекшеленді. Осыған орай, биылғы Жолдау халық арасында қызу талқылануда. Толығырақ алдағы сюжетте.
ҚР Президентінің жолдауы - еліміздің өміріндегі маңызды саяси оқиға. Мемлекет басшысы халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы дамытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығының түрлі салаларын дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларды көтерді. Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс екенін атап өтті.
Нұргүл Есенғұлова - Ветеринария және ауыл шаруашылығын зерттеу мектебінің деканы
Президент өсімдік шаруашылығы сияқты саланың дамуына назар аударды. Бұл тұрғыда біз көптеген жұмыс жасадық. Біз шетелдік жоғары оқу орындарымен келісімдеміз. Қазір біз Қытайдың солтүстік батыс орман және ауыл шаруашылығы университетімен ынтымақтастық жасап жатырмыз. Біздің ветеринария және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу мектебінің ғалымдары Қытай университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста. Бидай, рапс өсірудің жаңа технологияларын әзірлеп жатыр.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. 2025 жылдың соңына дейін жоспарға сәйкес, замануи үлігдегі 217 мектеп пайдалануға беріледі. Ата-аналар мемлекеттің жеке меншік мектептерге нақты көмек беріп жатқанын біліп отырғаны жөн, әр балаға норматив бойынша бөлінген қаражаттың көрсетілуі ашық болуы шарт, азаматтар әлеуметтік бағдарламаларға бөлініп жатқан қаржы туралы шынайы ақпараттан хабардар болуы керектігін ескертті. Бұл мәліметтер неғұрлым халыққа қолжетімді болса, соғұрлым қоғам сауатты болады және қаржы дұрыс, мақсатты жұмасылынуын қаматамасыз етеді.
Оралтай Жолымбай – Профессор
«Жайлы мектеп» мәселесі бойынша айтайық. Мемлекеттік бағдарлама бар жайлы мектептің. Бүгінгі Жолдаудағы негізгі бір қаралған үлкен мәселе «Жайлы мектеп» бағдарламасын орындау мәселесі екендігі. Сондықтан біздегі университетте «Жайлы мектептің» жақсы мұғалім қалай дайындаймыз деп мен Парламентте де сөйлегенмін осы мәселе бойынша. Екінші, біздің білім бағдарламаларымызды да өзгертуді қажет ететіндігін. Абай облысында қазір 10 шақты «Жайлы мектеп» салынып жатыр. Оған келген жабдықтар мен лабораториялар ең соңғы Назарбаев зияткерлік мектебінде тұрған жабдықтар. Сондықтан бізде қазір өзіміздің білім бағдарламаларымыздың ішінен арнаулы курстарды оқытып жатырмыз.
Мемлекеттілігімізді нығайта түсу үшін барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асыру маңызды. Бұл – мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы.
Аслан Ертісбаев