Тамыз айында Ақсуат аудан әкімдігінің бастамасымен ауданының бұқаралық және ұлттық спорт ойындарының орталығы құрылды. Оның негізгі бағыты – барлық тұрғындарды бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау. Шалғайдағы орталықтың басты міндеті ауылдық жерлерде олимпиадалық спорт түрлерін жан-жақты дамыту .
Ақсуат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жанынан құрылған комиссия аудан көлемінде атқарылып жатқан бұқаралық спорттық іс-шаралар және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы, яғни мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа сәйкес, атқарылған шараларға мониторинг жүргізіп, оның есебін жариялап отырады. Комиссияның кезекті отырысында дене шынықтыру және спорт бөлімі салауатты өмір салтын ұстануға қатысты барлық сұрақтарды қарастырып, осы мақсатта арнайы құрылған бұқаралық және ұлттық спорт ойындары орталығының жұмыс бағыты талқыланды
Мирас Дәуренбекұлы – Ақсуат ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Өздеріңіз білесіздер, күні кеше ғана Президентіміз жалпы Париж олимпиадасынан кейін олимпиадалық спорт түрлеріне баса назар бөлу, мемлекет тарапынан спортқа бөлінген қаражаттың нақты мақсатты игерілуін, мемлекетіміздегі жастардың спорттық жетістіктеріне нақты қадамдар арқылы жету бойынша тиісті тапсырмалар берілген. Сол бойынша да бүгін Президентіміздің тапсырмалары талқыланды. 24-25 оқу жылында мектептер мен спорт мектептеріндегі үйірмелерге қатысатын жас спортшыларға арналған жұмыс жоспарлары кеңінен талқыланып, кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Тамыз айында аудан әкімдігінің бастамасымен Ақсуат ауданының бұқаралық және ұлттық спорт ойындарының орталығы құрылды. Оның негізгі бағыты – барлық тұрғындарды бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау. Бұл жерде айта кетерлік жәйт, халықтың жас ерекшілігіне шектеу жоқ. Сондай-ақ, олимпиадалық спорт түрлерін жан-жақты дамыту басты міндет.
Дулат Бауыржанұлы – Ақсуат ауданы бұқаралық және ұлттық спорт ойындары орталығының директоры
Біздің міндетіміз негізгі – бұл аудан халқының салауатты өмір салтын ұстану, нашақорлыққа қарсы күрес және де осы спорт арқылы аудан халқының ауызбіршілігі мен достығын нығайту. Алдағы мақсат, міндеттеріміздің бірі ол ауданда чемпионаттар өткізу әр спорт түрлерінен. Онда біз ең мықты негізгі спортшыларды таңдап алып, ауданымыздың құрама командасын құрап, алдағы облыстық, республикалық үлкен жарыстарға, халықтық спорт ойындарына ауданымыздың құрама командасын құрап апаруымыз.
Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Алдағы уақытта да кеңес отырысы жоспар бойынша тоқсанына бір рет өткізілетін болады. Әр тоқсан сайын тиісті бөлім, сала басшыларының есептері тыңдалмақ.
Аслан Ертісбаев