Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Топ жарып жүлделі 1 орынды иеленген отбасы республикалық байқауға жолдама алды. Дәстүрлі бастамының өтуіне облыстық ішкі саясат басқармасы ұйытқы болды.
«Мерейлі отбасы»- отбасылық құндылықтар-берік достық, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, болашақ ұрпақты, еліміздің нағыз азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған. Байқауға облыстың барлық аудандарынан 100-ден астам отбасы қатысып, облыстық кезеңге 21 отбасы іріктелген.
Арман Жемагулов – Абай облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары
Бұл конкурс 2014 жылдан бастап республикалық деңгейінде ұйымдастырылуда. Облыс деңгейінде бұл байқау 3 жыл қатарынан өтуде. Байқаудың маңыздылығы-отбасылық құндылықтарды, ата-ана тәрбиесін насихаттау. Яғни, ана мен әкенің рөлі бірдей екенін көрсету. Жанұяда екі ата-анада балаға бірдей көңіл бөлуі тиіс. Мұндай шаралар қазақстандық отбасылардың оң имиджін көрсетеді.
Байқауда бақ сынап, өз шаңырақтарының берекеді отбасы құпиясымен бөліскен әулеттердің бірі Смағұловтар жанұясы. Олар ауыл шаруашылығы саласының көшін өрге домалатып жүрген әулет.
Сабира Смағұлова - Қатысушы
«Мерейлі отбасы» байқауына қатысып өзімді ерекше бақытты сезінемін. Және жақсы тәлім-тәрбие жағынан керемет рухани байлық алуға болады. Артымыздан келе жатқан жас ұрпаққа берер тәрбиесі мол деп ойлаймын. Осыны ұйымдастырған басшыларға алғысым шексіз көп рамқмет айтамын. Енді 1-2 ай дайындалдық расындада отбасымен бірге. Әр салада жұмыс істетйтін балаларды жинадық жан-жақтан. Олардың өз жетістіктерін жиандық.
Байқау қорытындысы бойынша топ жарып I орынды Бесқарағай ауданының Смағұловтар әулеті алды. Жүлделі II орынды Абай ауданынан Оразалы отбасы иеленсе, III орын Үржар ауданынан келген Кәп жанұясына берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтар, сондай-ақ ақшалай сертификаттар алды. Салтанатты шара соңы мерекелік бағдарламамен аяқталды.
Аружан Таубекова