Елімізде ресми деңгейде вейп сатуға тыйым салынды. Алайда, бірқатар азаматтар бұл талапты сақтамай келеді. Семей қаласының полицейлері рейд жүргізіп, вейп өнімдерін сататын жерлерді анықтады.

Семей қаласы полиция басқармасының қызметкерлері вейп саудагерлерін анықтау бойынша рейд жүргізді. Қаланың сауда үйлерінің біріне кіріп, тыйым салынған өнімдер жатқан бөлімге бірден назар аударды. Бірақ, сатушы орнында болмады, ал сату нүктесінің иесі өзін бірнеше сағат күттірді. Ол келгеннен кейін полицейлерді тағы бір тосын сый күтіп тұрды – айғақтар сатушы үстелінде жатса да, азаматша вайп саудасын жоққа шығара бастады.

Соған қарамастан, құқық қорғау органдары қызметкерлері аталған тауарды тексеру үшін тәркіледі.

Саят Крапатаев - Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы

Аталған сауда үйіне сатумен айналысқан бөлімінің иесі өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Алынған тәркіленген заттарды бұрын қолданылған және оларды болашақта утильге жіберу үшін жинап отырған деп отыр. 55 ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1 бабына сәйкес, аталған заңбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзелген.

Егер сарапшылар заң бұзушылық фактісін дәлелдей алса, бөлім иесі заңсыз өнімдерді сатқаны үшін жауапқа тартылады. Жалпы, бүгінде қаламыздың көшелері вейп-дүкендерден арылды десе де болады. Дүкен сөрелерінде мұндай өнімдер енді сатылмайды. Алайда бұл вейптар мүлдем қол жетімсіз болды дегенді білдірмейді. Аталған өнімді сатумен айналысатын "жасырын" дүкендер жұмыс істейді. Сондықтан полицейлер оларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда