Облыс әкімдігі өңір тұрғындарына алдағы жылу маусымына көмір сатып алуды бастауға шақырады. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының деректері бойынша облыс үшін жыл ішінде 1 млн 248 мың тонна көмір қажет. Оның 567 мың тоннасы тұрғындарға тиесілі. Алайда, бүгінгі таңда облыс тұрғындары тек 43 мың тонна көмір сатып алған.

Жыл сайын жылу маусымында облыс тұрғындары 500 мың тоннадан астам көмір тұтынады. Бүгінгі таңда тұтынушылар 43 мың тонна сатып алды. Тұрғындар қатты отынмен ертерек қамдану үшін барлық теміржол тұйықтарына көмір таратылады. Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Жандос Қайырханов көмірді тасымалдауды жүзеге асыратын қоймалардағы рейдке қатысты.

Жандос Қайырханов - Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а.

Осы бір маңызды сұрақтардың бірі бұл көмірмен қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, біздің облыс бойынша көмірге қажеттілік, облыс бойынша 1 млн 248 мың тонна көмір қажеттілік, соның ішінде 567 мың тоннасы, осы халыққа қажеттілік болып келеді. Қазіргі таңда осы ауа райының қолайлығын уақытылы, жаздық кезде дейміз ғой, сол кезді пайдаланып, осы көмірлерді қазіргі күннен бастап, алса деген мақсатпен жасап жатырмыз.

Бүгінгі таңда көмір сату нүктелерінде дүрбелең жоқ, бірақ қыркүйек айында жағдай өзгеруі мүмкін. Себебі жылу көздерінің әрқайсында 10 күндік көмір қоры болу керек. Жандос Қайырханов - Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а.

 Қазір олар бастайды, жаңағы көмірлерін тасиды, сол кезде, қатар тұрғындарда ала бастайды. Сол очередь, ажиотаж болмас үшін, біз тұрғындарды, қазіргіден бастап шақырамыз, қазірден бастап, осы көмірлерді ала бастаса деген ой.

Қысқы кезеңге дайындық аясында облыста көмірді жеткізу барысы бақылауда. Өңірде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ететін 44 жылу көзі және 330 дербес қазандық жұмыс істейді. Көмірмен қамту «Қаражыра» АҚ және «Қазақстан темір жолы» бірлесіп әзірлеген жыл сайынғы жоспарға сәйкес жүзеге асады. Жарма, Аягөз және Семейде орналасқан сегіз оператор арқылы теміржол тұйықтарына көмір тасымалданады. Жандос Қайырханов - Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а.

Қазір енді 5-6 машина тұр, негізі, транспортпен, бұлар осы темір жол тұйықтарынан алып, ары қарай тұрғын үйлерге жеткізеді. Бүгінгі күнге, осы операторлардың ақпараттарына сәйкес, тұрғындара 43 мың тоннадан астам көмір жеткізілген. Соны ескере отырып, біз тұрғындарды, қазірден бастап, көмірді алуға шақырамыз.

Көмірді тарату мәселесі шешіліп, тұйықтар көмірмен алдын-ала қамтамасыз етіледі. Бірақ бұған қарамастан жыл сайын жылу маусымының басында жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұрып, дүрбелең туады. Әкімдік өңір тұрғындарын қолайлы ауа райын пайдалана отырып, көмір сатып алуды қазірден бастауға шақырады. Бұл күз кезінде қоймалардағы көмір тапшылығының алдын алады.

Нұргүл Садықова