10 тамызда Абай Құнанбайұлының күніне орай қалада түрлі іс-шаралар өтті. Солардың бірі ақынның мұрасын насихаттауға арналған - Qazaq quiz. Шараны «Шығыс жастары» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Қаламызда «Квиз» ойынын өткізу дәстүрге айналған. Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 8 команда қатысты. Ойын ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтардан тұрды. Зияткерлік ойынға қатысқандардың бірі Әсел Бейсенқызы. Ол бұл ойын туралы әлеуметтік желіден білген. Мұндай танымдық сайыстарға жиі қатысады. «Квиз» сыни ойлауды дамытады деп санайды.

Әсел Бейсенқызы -қатысушы

Квиз не үшін керек? Барлығына мысалы спорт қызықты болмауы мүмкін интеллектуалды жарыстар қазіргі таңда жастар да интеллектуалды ойындарға қызығушылық танытады сондықтан адамның ой өрісін кеңейтеді деген сенімдемін. Абайдың жалпы философиясы, білімі, ілімі бізге керек деп ойлаймыз. Бір жағынан қазіргі таңда қуантарлық жағдай. Абайдың қара сөздері бүрын тек қана мектеп бағдарламасында ғана оқытылатын болса , қазір әлеуметтік желілер арқылы немесе басқа талдаулар арқылы БАҚ арқылы жастарға кеңінен таралып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша іс – шараны өткізудің басты мақсаты - Абайдың рухани мұрасы мен поэтикалық ойын танып білу, жастардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Абай Құнанбайұлы еліміздің тарихында ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы ретінде өшпес із қалдырды. Оның шығармаларында халықтың дүниетанымы, рухы мен дәстүрі көрініс тапты.

Әліби Абдураимов -«Шығыс жастары» ҚҚ атқарушы директоры

Семей қаласы ішкі саясат бөлімі тапсырмасы аясында Шығыс жастары ҚҚ ұйымдастыруымен, негізі 1-2 іс-шара өтіп жатыр. Оның ішінде контрстрайк болды, семинар тренинг, бүгін квиз ойыны болады. Квиз туралы толығырақ айтып кетсем. Квиз бүгін Абай Құнанбайұлының тақырыбында болады көбінесе.

«Квиз» ойыны - жылдам шешім қабылдап, ойлау қабілетін дамытуға және жан-жақты дамуға мүмкіндік беретін орта. Викторина әр түрлі бағыттағы сұрақтарды қамтуы арқылы көпті қызықтырады. Бүгінде әсіресе жастардың зияткерлік ойындарға деген қызығушылығы айқын байқалады.

Жандос Бейбітбекұлы -қатысушы

Бұл Абайдың өмірбаянын, шығармашылығын, жалпы Абай қалдырған мұраны дәріптеудегі таптырмас құрал деп ойлаймын. Бұндай іс-шаралар қала жастарының , тұрғынарының уақытын қызықты әрі пайдалы да өткізу үшін таптырмас ұйымдастырылған шара деп есептеймін өзім. Осындай шаралар көп болса, нұр үстінен нұр болар еді.

Зияткерлік ойынның барлық жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақбота Бияхмет