Техникалық, жұмысшы және қызмет көрсету саласында сапалы қызметкерлерді дайындау – уақыт талабы. Елімізде жыл сайын осы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар саны артып келеді. Бесқарағай ауданының колледжі жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдауда. Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары. Білікті автомеханик, слесарь, жүк көлігі және трактор жүргізушілері сияқты мамандар тапшы. Осы ретте мемлекет тарапынан аталған мамандықтарға қызығушылықты арттыру мақсатында гранттар көптеп бөлінуде. Абай облысында 2 колледжде эксперименттік білім беру жүйесі жұмыс істеуде. Солардың бірі Бесқарағай колледжі. Биылдан бастап 9 бен 10-шы сынып оқушылары мектептен бос уақыттарында колледжде білім алады. Мектеп бітірген кезде бірден арнайы-орта білім туралы аттестат пен колледж кәулігін иеленеді.
Медет Кәдірбеков- Беқарағай колледжінің директоры
2022 жылы Білім және ғылым министрлігінің 478 бұйрығы негізінде эксперименттік білім беру бағдарламасы іске қосылған болатын. Аталған бағдарлама Абай облысы бойынша биылғы оқу жылында екі колледжде іске асырылуда. Соның бірі – Бесқарғай колледжі. Эксеприменттік бағдарлама жоғары сынып оқушыларының колледждер базасында жұмысшы біліктіліктерін бір уақытта алуға және мектеп базасында білім беретін пәндерді игеруге бағытталған. Эксперименттік білім беру бағдарламысының оқу қорытындысы бойынша диплом берілетін болады. Бесқарағай ауданы бойынша Рысқұлбеков орта мектебі мен Борас орта мектеп-балабақшасының ата-аналарына және оқушыларына айтарымыз – осы жобаға 9-10 сынып бітірген балаларды қатыстыруларыңызға болады.
Бесқарағай колледжіне мемлекеттік тапсырыс негізінде 2 топқа талапкерлер қабылданады. Ер балаларға 15 орын – автомобиль көлігіне қызмет көрсету және жөндеу, ал қыздарға тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша 15 орын бөлініп отыр. Бұл мектеп оқушыларына болашақтарын қалыптастырғанға таптырмас мүмкіндік, дейді колледж директоры. Абай облысы білім басқармасының «Бесқарағай колледжі» 9 сынып негізінде – ауыл шаруашылығы және механикаландыру, орман шаруашылығы, 11 сынып негізінде – жеміс-көкеніс өсіру шаруашылығы, ландшафтық дизайн мамандықтарына құжат қабылдауда. Айта кетерлігі, колледж орман шаруашылығы мамандығын сырттай оқуға мүмкіндік береді. Биыл оқу орнының ландшафтық дизайн бағытында білім алатын студенттері ғимараттың жанынан кішігірім саябақ жобасын жүзеге асырды.
Медет Кәдірбеков- Беқарағай колледжінің директоры
Колледждің ландшафтық дизайн мамандығын оқытамыз. Сол мамандықты пайдаланып, колледждың алдын гүлдендіріп, безендіріп жатырмыз. Осы мамандықтың арқасында саябақ ашылды. Студенттер мен өндірістік оқыту шеберлерінің ұжымының арқасында өзіміздің күшімізбен осы саябақты жасап шықтық. Бұл жерде жатақхананың балалары кешкі уақытта таза ауа жұтып демалып отырғанға, дебаттар, пікірсайыстар өткізгенге сахнасымен қоса жасап бердік. Балалардың кешкі уақытта, басқа да бос уақыттарында мәдени демалыс орны болатын кішігірім саябақ.
Колледж студенттері жыл сайын түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Колледж студенттері халықаралық WorldSkills жарысында бірнеше біліктілік бойынша жүлделі орынды иеленді. Оқу жылы колледж үшін жемісті болды.
Айжан Меңғали – Бесқарағай колледжі директорының орынбасары
2023-2024 оқу жылы біздің колледж үшін жемісті болды. Біз облыс бойынша 30 колледждің ішінде 10-шы орынындамыз. Бұған біздің білікті мамандар мен оқу өндірісі шеберлерінің арқасында қол жеткізіп жатырмыз. Олар жыл бойы 10 баланы ворлдскилз байқауына дайындап, олардың 9-ы жүлделі орындарды иеленді. Оқу жылының қорытындысы бойынша ауылдық колледждер арасында тракторлық биатлоннан бірінші орынды жеңіп алдық.
Бесқарағай колледжі 7 мамандық, 11 біліктілік бойынша мамандарды даярлайды. Биыл ветеренария және бухгалтер-экономист білім беру бағдарламасын енгізу жоспарлануда. Материалдық-техникалық база толығымен жабдықталған. Директордың айтуынша, Бесқарағай колледжі түлектерінің 70 пайызы жұмыспен қамтылады. Бесқарағай колледжінде оқуға тілек білдірген талапкерлердің құжаттары 25 тамызға дейін қабылданады.
Сұлтан Жоламанов