Абай облысының «не кипишуй» квн командасы 27-28 шілдеде светлогорск қаласында өткен жыл сайынғы музыкалық фестивальде сәтті өнер көрсетіп, жүлдемен елге оралды. Жерлестеріміз жан жақтан жиналған 20-дан астам команда ішінен суырылып шығып, «большой кивин в темном» аталымында қол жеткізіп, үшінші орынға ие болды. Біздің түсірілім тобы команда мүшелерімен кездесіп, ойын барысы жайлы біліп қайтты.

«не кипишуй» квн командасының құрылғанына 5 жыл. Құрамның негізінен астана қаласының аграрлық университетінің түлектерінен жиналған. Бастапқыда факультетаралық лигада ойнап, кейін үлкен лигаларда өнер көрсету үшін бірігіп, өнер көрсетуге шешім қабылдайды. Алғашқы ойындарын павлодар қаласындағы «ертіс» лигасында, содан кейін алматыдағы «бас-лигада» ойнай бастайды. Сочи фестивалінде іріктеуден сәтті өтіп, уфа қаласындағы бірінші лигаға жолдама алады. Онда қазақстандық команда бірінші орынға ие болды.

Салих заукенқажы – абай облысы «не кипишуй» квн командасының мүшесі

осы лигалардың әрқайсысында біз жеңіске жетіп, бірінші орындарды иеленіп жүрдік. Бірінші лиганы жеңіп, сочи қаласындағы фестивальден кейін редакторлар жоғары лигада ойнауға рұқсат берді.

Ойыншылардың айтуынша, қарсыластар кілең мықтылар болды. Бүгінде көпшілігі жоғары лиганың мүшелері.

Салих заукенқажы – абай облысы «не кипишуй» квн командасының мүшесі

жалпы, біздің қарсыластарымыз мықты болды, көбісі жоғары лиганың қатысушылары. Қазіргі уақытта төрттен бір бөлікті өттік, негізі біз ардагер ойыншылар қатарына жатамыз, бірақ жоғары лигада әлі ойнамаймыз. Дәл осы ойыннан кейін редакторлар бізді келесі маусымда жоғары лигада көргісі келетінін жеткізді.

Қатысушылар үшін көңілді тапқырлар алаңы бұл жай ғана ойын емес. Бұл сүйікті әуес іске айналған. Ойын теккөңіл көтеріп қана қоймай, шығармашылық ойлауды да дамытады, - дейді топ мүшелері. Команда фестивальге шамамен бір ай уақыт дайындалған. Әзілдерді өздері жазады, дегенмен ресейлік авторлар да көмектеседі. Бұл тәжірибе ешкімге таңсық емес жағдай.

Ержан әлімханов – абай облысы «не кипишуй» квн командасының жетекшісі

бұл әдеттегі тәжірибе сияқты. Өйткені, кез-келген жағдай болмасын біз ресейге бара жатырмыз, басқа ел, менталитеті басқа дегендей, көптеген ақпарат қажет, ресейлік көрерменге әзілдерді қалай дұрыс ұсыну керек, жоғары лига болғандықтан осының бәрін ескеру маңызды. Басқа елдің көрермендерін күлдіру үшін жергілікті ресейлік автор қажет. Ол ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтып, сүзгіден өткізіп, бағыт бағдар береді.

Айта кетерлігі, команда мүшелері біраз қиындықтарға да тап болған.

Ержан әлімханов – абай облысы «не кипишуй» квн командасының жетекшісі

біз 1 күнге кешігіп қалдық. Себебі, бізде транзиттік, рейстік ұшақ болды. Мәскеу арқылы ұштық, сондықтан кешіктік. Осы жағынан қиындық тудырғаны болмаса, барлығы ойдағыдай өтті.

Ендігі кезекте жігіттер өз жанкүйерлерін қуантып, сахнада өзінің шеберлігі мен кәсібилігін арттыруды көздейді. Бүгінде жаңа қойылымдарға дайындалу үстінде.

Аслан ертісбаев