Биылғы жылы Еңбек ұтқырлығы орталығының жоспарында 23 мыңға жуық азаматты жұмысқа орналастыру көзделген. Осыған байланысты Семейде Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны мансап орталығының қызметкерлері, Абай облысының "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар рухы" Жастар қанатының филиалымен, сондай-ақ еңбек мобильділігі орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Толығырақ әріптесіміз айтып береді.
Қала тұрғындары үшін бос орындар жәрмеңкесі "Жастарға жұмыс" жобасы аясында "Арбат" алаңында өткізілді. Жәрмеңке барысында 30-ға жуық жұмыс берушіден 100-ден астам бос жұмыс орны ұсынылып, 500-ге жуық адам қатысты.
ЕРКЕБҰЛАН ТҰРСЫН АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ «ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі күнгі шараға біз әрбір мекемемен жеке сөйлесіп, өздерінің бос жұмыс орындарын сұраттық , сол жұмыс орындарына сәйкес бізде еңбек.кз порталы арқылы еңбек мобильділігі ортлығында тіркеуге тұрған жұмысыз азаматар,сонымен қоса биылғы жылы түлектерімізді колледждармен ,жоғары оқу орындарын түлектерін осы аталмыш шараға шақырдық. Еңбек мобильділігі орталығының биылғы жоспары ол 23 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтамасыз ету. Сол жоспарды қазіргі таңда бізде облыста маңсап орталықтар арқылы жүзеге асырылады.
Мансап орталығының мамандары жұмыс берушілердің берілген өтінімдеріне сәйкес enbek.kz сайтында 936 бос жұмыс орнын ұсынды, оның 269 -ы қызметтік мамандықтар және 667 жұмысшылар. Айта кетейік, "Жастарға жұмыс" жобасы 2 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда жастарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті.
ТЕМІРЛАН БАҚТИЯРОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай халық қызығушылығы өте жоғары. Оның ішінде жастар келіп, өзін қалаған мамандығына сәйкес жұмыс тауып жатқан жәйі бар. Біз 11 ірі мекемемен өзара меморандумның аясында жұмыс жасап жатырмыз. Бұл жобаның бір ерекшелігі біз тікелей жобаның негізгі мақсаты жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған жәнеде оқу бітірген түлектер болсын, осыған дейін басқа жұмыс орында , одан да жақсы жұмыс ісеп жүрген жастар болсын, барлығы келіп , шараға қатысып жатыр.
Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және кеңес беру тек жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілер үшін де маңызды. Олардың айтуынша, мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет.
ҚУАНЫШ ҚАСЕНОВ ЖҰМЫС БЕРУШІ
Осы мүмкіндік тек қана жұмысқа орналасу үшін ғана емес, жұмыс берушіге де жақсы площадка деп айтсақ болады. Себебі екеуі бірін бірі тауып бұл жерде жақсы жалақы, жақсы жұмыс орындарын табады деген ойдамыз. Машинист, сварщик, крановщик, автокрановщик сол секілді әртүрлі жұмыс орындары бар. Сондай мамандарды іздейміз. Осы жәрмеңкенің нәтижесі болады деген ойдамыз
ҚАРЛЫҒАШ СҰЛТАНБЕКОВА ЖҰМЫС БЕРУШІ
Бізге аспаз көмекшілері, аспаздар, асхана жұмысшылары, сантехник, наубайшы сияқты мамандар қажет. Жәрмеңкелер бізге өте пайдалы. Себебі осылайша халық компания жайында білетін болады, сұраныс артады, онымен қоса жұмыс күші де көбірек керек болмақ. Менің ойымша, айына екі рет өткізіп отыру керек.
Бос орындар жәрмеңкесі жастарға үлкен мүмкіндіктерді тудырады. Себебі, жастар жағы жұмыс іздеп жүріп қалады.
ҰЛЖАН ҚАДЫРБЕКОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
4 жылдық стажым бар. Мен ауылды жерде жұмыс істеймін , барып келу қатынас қиын болғандықтан осы қалада жұмыс табылады ма деген мақсатпен осы жәрмеңкеге келіп қалдым. Жаңа «Баланс» деген садикке өзім тіркеліп қойдым , сосын тақтайшаларда өз мамандығыма сай жұмыстар тауып алдым.
Сондай-ақ, Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушыларға жұмыс орындарын іздеудің тәсілдері, «электрондық еңбек биржасы» порталының мүмкіндіктері туралы түсіндірілді.