«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Абай облысында 11 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Олардың бірі Бесқарағай ауданында салынып жатыр. Жаңа білім беру мекемесі 300 орынға есептелген. Құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев танысты. Жайлы мектептердің бірі Бесқарағай ауданында ашылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев 300 орындық мектеп құрылысының барысын тексерді. Бүгінгі таңда екінші қабаттың қабырғалары қалануда. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобаның құны 3,8 млрд теңгені құрады. Жалпы өткен жылы Абай облысында 5 мектептің құрылысы басталған болатын.
МАНАП ҚҰМАРОВ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
РУКОВОДИТЕЛЬ ОТДЕЛА УПРАВЛЕНИЯ СТРОИТЕЛЬСТВА ОБЛАСТИ АБАЙ
Бесқарағай ауданындағы жайлы мектеп 300 орынға арналған. 2024 жылы облыста тағы 6 мектептің құрылысы басталады. Ал бұл нысан осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Мердігер ұйым-«Құрылыс» ЖШС, біздің облыста орналасқан фирма. Бүгінгі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Бұл мектеп заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады. Бастауыш және жоғары сыныптар үшін жеке блоктардағы оқу кабинеттері, санитарлық тораптары және спорт залдары болады. Заманауи техникалық құралдарды енгізу және күзетті күшейту есебінен жоғары қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдары мен киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтар да қарастырылған. Сонымен қатар, жайлы мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта сақталады. Мектептің жалпы ауданы 6888 шаршы метр.
ШАДИЯР КҮНЧАЕВ «ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі уақытта 100 тарта жұмысшылар құрылыс барысына қатыстырылған. Бұл мектепте 89 орындық акт залы қарастырылған, 84 орынға асхана қарастырылған сонымен қатар математика физика , химия, биология, алғашқы әскери дайындық, география, бейнелеу сияқты бірнеше кабинеттер бар . Сонымен қатар музыка, хареография, робототехника, информатика кабинеттері сияқты заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілетін кабинеттер болады.
Сонымен қатар, мектепте оқу залы бар кітапхана, ойын бөлмесі және мектепке дейінгі сыныптарға арналған бөлме болады. Оқушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады. Жалпы ел бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына сәйкес алдағы екі жылда 740 мың орындық 369 мектеп салынады.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА