Қаламызда облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті. Жиын тарихтың «ақтаңдақтары», қоғамның теріс тұстары және өркендеудің жаңа нүктелері тақырыптарына арналды.

Бас қосуда тарихтың «ақтаңдақтары», қоғамның теріс тұстары және өркендеудің жаңа нүктелері тақырыптары талқыланды. Онда қатысқан ғылыми-сараптамалық комиссия мүшелері күн тәртібіндегі тақырыпқа сай баяндамаларын ұсынды. Оларға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы сәттілік тілеп, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

АЙДАР САДЫРБАЕВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мемлекет басшысының тікелей жарлығыменен кейінгі бірнеше жылдың көлемінде бірнеше үлкен жұмыстар атқарылған болатын. Мемлекеттік комиссия құрылып жұмысын атқарған болатын. Комиссия өңірлерде жиналған материалдар нәтижесінде 72 томдық үлкен көлемде еңбек шығаруды қолға алды. Оның 52 томы жарық көрді. Ол Абай облысына да жетіп отыр. Сол еңбектің 26-шы және 36-шы томдары Абай облысымен байланысты.

Айдар Садырбаев комиссияның елеулі жұмысын айтып, Лаура Қабдылғазықызы, Тоты Амангелдіқызы сияқты өзге де мамандардың материалдарды зерттеуде көп еңбек сіңіргенін атап өтті. Ғалымдар, ғылыми қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы сақталып қалды. Ізденіс жалғасуда. Жиын барысында тарихи сананы дамыту, азаматтық бірегейлікті, қоғамдық келісімді және Қазақстан халқының жалпы ұлттық бірлігін нығайтуға ат салысу бағытындағы өзге де жұмыстар сөз болды. Ғылыми-сараптамалық топ қоғамда қалыптасқан түйткілді мәселелердің себептерін, оның алдын алу жолын іздейді.

АЙРАТ БАЗЕНОВ - ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Осы ғылыми-сараптамалық топтың негізінде біз қоғамда қалыпатасып жатқан көптеген проблемалардың көзін табуға, сол сұрақты шешуге қажетті іс-шаралардың жиынтығын ұысынуға тырысамыз. Бұл сараптамалық топтың әр мүшесі біздің облысымызыдң шеңберінде, республкикалық деңгейде болып жатқан мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын, танымдық жұмыстарды, зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Мұндай шаралар жас ұрпақ бойында тарих деген құрмет пен отансүйгіштік қасиетін қалыптастырады. Әр азамат өз тарихын, оның маңыздылығын білуі шарт, дейді қатысушылар.

ТОТЫ КАРИЕВА – ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Менің ойымша бұл кейінгі жас ұрпаққа тарихи сананы, тарихи идеологияны дәріптеуде ең маңызды деп есептеймін. Себебі бүгінгі ұрпақ кешегі тарихты білуі шарт. Сол кездегі кеңес үкіметінің саясаты, олардың ашаршылық мәселесін өзін бір ғана геноцид, этноцид саясатының жүзеге асырылуын оқып таныуы, білуі шарт. Біздің негізгі мақсатамыз саны сергек, танымы жоғары ұрпақты тәрбиелеу.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы өз жұмысын жыл бойы жалғастырмақ. Олар тарихымызға қатыста өзекті мәселелердің негізгі себебін тауып, оның шешілу жолдарын ұсынуды көздеп отыр.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА