Елімізде көкжөтелге байланысты жағдай тұрақсыз. Ауырған балалардың 90% 5 жасқа дейінгі балалар. Абай облысында 15 балаға осы диагноз қойылды. Ал былтырғы жылы біздің аймақта көкжөтел тіркелмеген. Ауру жұқтырғандардың барлығы екпе алмаған балалар.

Облысымызда биылғы 5 айда көкжөтел 15 баладан анықталды. Енді 3 науқастың талдамалары клиникалық- лабараторлық зерттеу үстінде. Ауырған балалардың жас ерекшелігі 1 -ге толмаған және 1-ден 5 жасқа дейінгі балалар. Дертті жұқтырғандардың барлығы екпе алмаған бүлдіршіндер.

АЙНҰР СЕРІКБАЕВА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Көкжөтел ол Bordetella pertussіs таяқшаларымен туындайтын, көбінесе балаларда кездесетін, осы себепті балалардың өмірінің алғашқы айларында бұл дерт өте қауіпті болып есептеледі сәбилер үшін. Сондықтан репризды, ұстамалы жөтелдермен, құсу және қақырықты жөтел сиптомдарымен сипатталатын бактериялық респираторлық ауру болып табылады. Жұғу жолы әрине ауа тамшылы жол.

Бұл ауру әсіресе сәбилер үшін қауіпті дейді мамандар. Сондықтан ұқсас белгілер байқалса дер кезінде дәрігерге жүгінген абзал.

ӘСЕМ ШАЛАБАЕВА ПЕДИАТР
Егер сіздерде ОРВИ белгілері болатын болса, жөтел мазаласа баланы, температурасы субфибрильді болса да, 37-37,5 болса міндетті түрде дәрігерге хабарласы керек. Себебі 14 күнге дейін балада ОРВИ сияқты клиникалық көрініс береді. Оны ата- аналар дер кезінде ем алмағындықтан, дәрігерге жүгінбегендіктен асқынып кетеді. Сол себепті уақытылы дәрігерге көріну керек. Әрине, ең бастысы ол екпе алу.

Соңғы жылдары балаларына вакцина салдыруға қарсы адамдар көбейді. Егер қоғамдағы иммунитет төмендейтін болса, аурудың өршитіні заңдылық. Елдің көптеген өңірінде көкжөтелдің көбеюі де осыған байланысты. Екпемен толық қамтылмаған балалар тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігеріне жүгіне алады. Себебі, екпе дерттің алдын алу үшін керек.

АЙНҰР СЕРІКБАЕВА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Айта кететіні қазір Республика мен облыс көлемінде көкжөтелге қарсы екпе ала алмаған балалар, кезінде медициналық қарсы көрсетілімдері болған немесе бас тарту болған немесе белгілі бір себептерсіз екпе ала алмаған балалар болса бүгінгі күнде есесін толтырушы иммундау жүргізілуде. Есесін толтырушы иммундау аясында ата- аналар ең біірнші кезекте өз баласының иммундау статусын тексеріп, көкжөтелге қарсы толық екпелері болмаған жағдайда тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға хабарласып, дәрігердің қабылдауынан кейін көкжөтелге қарсы екпе алу ұсынылады.

Тұрақты түрде бекітілген вакциналарды салдыру баланың және қоғамның денсаулығы үшін қажет. Жаппай вакцинадан бас тартылса, ауру бас көтереді. Дәрігерлер жылдар бойы таралмай тұрған жұқпалы дерттерді вакцинаның күшімен жүгендеудің дәлелденген тәсілінен алшақтамауға, бала денсаулығына мұқият болуға шақырады.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ