Соңғы екі жылда Семейде көптеген демалыс аймақтары құрылып, қала тұрғындары үшін сүйікті орынға айналды. Осындай орындардың бірі Шмидт көшесінен Жамақаев көшесіне дейін орналасқан Арбат болды. Жаяу жүргіншілер аймағының жобасын белгілі сәулетші Роман Шнейдерман әзірледі. Сәулетші жобаны жүзеге асыру барысымен танысты.

Роман Шнейдерманның айтуынша, жаяу жүргіншілер көшелері қазіргі қаланың ажырамас бөлігі және қала тұрғындарының өмірінде маңызды рөл атқарады. Олар ауаның ластануы мен шу деңгейін төмендетуге көмектеседі, бұл тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етеді. Автокөлік қозғалысының төмендеуі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, серуендеуге және ашық ауада демалуға қауіпсіз жағдай жасайды. Мұндай үлкен Арбаттың орналасқан жері кездейсоқ таңдалмаған. Сәулетші көшенің бойы тарихи және әдемі сәулет ғимараттарына бай екенін атап өтті, бұл қала тұрғындарына сәулеттік ғимаратармен тамсануға мүмкіндік береді. Көше денсаулыққа демалысты пайдалы ететін көптеген жасыл желектермен көзге түседі.

РОМАН ШНАЙДЕРМАН - ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР АЙМАҒЫНЫҢ ЖОБАЛАУШЫСЫ
Біз қала құрылымын зерттеген кезде, бұл көше ең жақсы таңдау болып шықты, себебі ол жағалау, орталық саябақ, Жеңіс алаңы және Жамақаев бульвары сынды маңызды құрылыс нысандарының көп бөлігін байланыстырады. Жалпы, бұл көптеген тұрғындарға, яғни, жаяу жүргіншілерге сол жерлерде демалыстарын таза ауада өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жерлерде көлік қозғалысы тығыз емес, дегенмен жаяу жүргіншілер жолы ондағы көліктерге бөгет жасамайды.

Жаяу жүргіншілер аймағының жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жоспарда суару жүйесін аяқтау және көшені одан әрі көгалдандыру бар. Сондай-ақ, жаңа арт-нысандарды орнату мен тамақтану инфрақұрылымын дамыту көзделіп отыр.

РОМАН ШНАЙДЕРМАН - ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР АЙМАҒЫНЫҢ ЖОБАЛАУШЫСЫ
Біз оны аяқтаған кезде де, ол өздігінен дами береді, әрі қарай жетіледі. Мысалы, көгалдандыру жалғасып, онда жаңа өнер нысандары пайда болуы мүмкін, өйткені танымал мүсіншілер әрқашан өздерінің қызықты идеяларын ұсынады. Босап тұрған орындар толықтырыла бастайды, біз онда фаст-фуд пен тамақтануға арналған орындарды қарастырдық, олар әлі ашылған жоқ, бірақ менің түсінгенімше, үміткерлер пайда болған сияқты.

Сәулетшімен кездесуге Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. Ол қала тұрғындарын жасалып жатқан демалыс орындарына ұқыптылықпен қарауға шақырды.

НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Халқымыз мүлікке немқұрайлы қарауларын тоқтатпағанша бізде ешқандай тәртіп болмайды. Бірақ, біз жақсы жетістіктерге жетіп келеміз. Бізде барлық жерде «Сергектер» болады. Осы бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасын таппақ.

Айта кетейік, қазірдің өзінде жұмыс әлі жалғасып жатқанына қарамастан, жаңадан жанданған көше қала тұрғындарын өзіне тарта бастады. Таза ауа мен ашық кеңістіктерге ағылған адамдар мұнда отбасымен уақыт өткізуге, достарымен кездесуге немесе жай серуендеуге келеді.

Бұл жерде балаларыммен қыдырған, айналамыздың бәрі жасыл болғаны ұнайды. Тек бұл емес, жалпы қаламыз үшін жасалып жатқан нәрселердің барлығы көңілімнен шығады. 
Бұл жоба өте тамаша, маған бұл жердегінің барлығы ұнап жатыр. Күнделікті осы жерде велосипедпен серуендеуге шығамын, үнемі жарық болып тұрады. Жалпы алғанда да барлығы жақсы.
Бұл жер өзгерген, расымен, әдемі көрінеді. Қала көркем болған сайын қыдырғың келе береді. Жүріп қайтайын деп шыққанмын, осы жердің өзгергеніне өте қуандым. Қаламыз көркейе түсті.

Осылайша, жаяу жүргіншілер аймағы барлық Семей тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы және тартымды, серуендеу мен демалуға арналған жаңа орынға айналды.


СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ