Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті жергілікті органдармен және ведомстволармен кеңес өткізді. Іс-шара барысында "әкімшілік істердің бірыңғай тізімі" ақпараттық жүйесі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді электрондық жүргізу және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті әкімшілік өндірістерді электрондық түрге ауыстыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 2024 жылдың алғашқы бес айында 138 216 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, оның 96,1% - ы электронды түрде өңделді. Абай облысы осы көрсеткіш бойынша республикада тоғызыншы орында.

ЕРДЕН ҮРПЕКОВ – ҚР БП ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КОМИТЕТІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Бүгінгі таңда, полиция және басқа да мемлекеттік органдар толығымен планшетті пайдаланатын әкімшілік жүргізілудің бірыңғай тізілімі жүйесіне көшті. Нәтижесінде әкімшілік іс-жүргізудің бірыңғай тізілімі жүйесінде көшу, әкімшілік құқық бұзушылықты рәсімдеу уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мұндай шаралар әкімшілік істердің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған. Алайда, мемлекеттік органдардың барлығы әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізімі жүйесіне ауыса алмады. Мысалы, Мемлекеттік кірістер органдары заң бұзушылықтарды электронды түрде рәсімдеуде ең төмен көрсеткішке ие. Бұл планшеттер мен стилустардың жетіспеушілігіне байланысты. Бас прокуратураның облыс бойынша Құқықтық статистика департаменті қажетті жабдықты сатып алуға қосымша қаражат бөлу үшін бұл іске жергілікті атқарушы органдарды тартуды ұсынды.

ЕРБОЛ АХМЕТЖАНОВ-АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
жергілікті атқарушы орган планшеттерді сатып алуға мүмкіндігінше қаржы бөлсе деген ұсыныс бар. Өйткені сіздерде ең төменгі көрсеткіш. Істерді электронды түрде сотқа жолдау бізде 4 908 оның 93% - ы жасалды, яғни 306 материал қағаз жүзінде жіберілген.

Кездесуде Мемлекет басшысының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шаралар туралы тапсырмасын іске асыру талқыланды. Құқықтық статистика департаментінің өкілдері қазіргі шаралар жеткіліксіз екенін атап өтті: 2024 жылдың 5 айында 345 ЖКО тіркелді, онда 448 адам зардап шекті. 426 адам жарақат алып, 22 адам қаза тапты. Облыстың әкімшілік полиция басқармасының бастығы жол апаттарының көбеюін облыс орталығында көлік санының артуымен байланыстырды.

БАУЫРЖАН ОМАРОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ ПД ӘПБ БАСТЫҒЫ
Облыс орталығының құрылуына байланысты бұрын Өскемен қаласына қатынаған көлік ағыны қазір Семей қаласына келетін болды. Тиісінше көлік саны 3 есе ұлғайды, қала жолдарында үнемі кептелістер пайда болды. Барлық аудандар, аудан орталықтары облыс орталығына қандай да бір анықтама алу, мемлекеттік органдарға жүгіну үшін енді бәрі Семей қаласына келеді.

Кездесу соңында Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті қызметкерлері қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, істерді өңдеуді жеделдетуге және барлық мүдделі тараптар үшін ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін "әкімшілік істердің бірыңғай тізімі" ақпараттық жүйесіне көшу бойынша кеңес берді.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА