Алдағы жексенбі әкелер күні. Әкенің отбасында алатын орны ерекше. Ол балаларына дұрыс жол сілтеп, бағыт-бағдар беретін қамқоршы. Көпке үлгі боларлық әкенің бірі Әли Нұрахметов. Әскери қызмет атқаратын азамат балаларына бар өнегесін үйретіп жүр. Толығырақ бейнематериалда көре аласыздар. Әке-әрбір отбасының тірегі, қорғаушысы. Олардың жанұясында, бала тәрбиесінде алатын орны бөлек. Әке отбасына әрдайым бар сүйіспеншілігін көрсетіп, қорған болатын адам. Осындай жандардың бірі Әли Нұрахметов. Ол Жарма ауданы Белтерек ауылының тумасы. Жоғары оқу орынында құқықтану факултетінде білім алып, алғашқы әскери қызметін 2008 жылы бастаған. Қазір 44 793 әскері бөлімінің байланыс полкінде батальон сержанты- жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығының нұсқаушысы лауазымын атақарады.

ӘЛИ НҰРАХМЕТОВ- КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ
Енді өзімнің отбасыма келетін болсам қазір жанұямызда 4 бала тәрбиелеп отырмыз, 2 ұл, 2 қыз. Енді тәрбие жайында айтатын болсақ өзіміз кезінде бала күнімізден әкеміздің тәрбиесімен өстік қой. Сонда әкемізден көріп өскеніміз бар, әкеміздің айтқан ақылдары бар. Сол ақылмен, сәл тәрбиемен жүруге тырысамыз және әрине әкенің рөлі дегенде бұл жерде балаға айтып тәрбие беріп қана емес, өзің ісіңмен істеп көрсету керек. Бала егер әкесінің еңбегін көріп, әкесінің істеген ісін көрсе сол ең басты тәрбие деп ойлаймын.

Отбасында анамен қатар әкенің де беретін тәлім-тәрбиесі мол. 4 баланың әкесі Әли Нұрахметов отбасында татулық, махаббат, ұйымшылдық, ал бала тәрбиесінде үлкенді сыйлау, адалдық, еңбекқорлық сынды ұстанымдарға басты назар аударады.

ӘЛИ НҰРАХМЕТОВ- КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ
Баланың бойында әке ретінде мен ең бірінші еңбекқорлық қасиеті болса екен деймін және үлкенді сыйлау. Мен өзімнің әкемді елде жоқ ерекше әке деп көріп өстім,маған нөмір 1-ші үлгі болды. Жүрісі, тұрысы, сөйлеген сөзі үлгі болып, сондай тәрбиемен өстік. Сондықтан өзімнің балаларыма жақсы жағынан көріну үшін әкесі ретінде менде сондай қағидамен жүргенді дұрыс деп санаймын.

Асқар тау әке балаларының сабақтарына қолынан келгенше қол ұшын созып қана қоймай, оларды спортқа баулып өсіруде. Шахмат, үстел теннисі, бокс, жүгіру тәрізді спорттың түр-түрімен бірге айналысады. Балалары соның арқасында түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

ӘДИ СЕРІКБОЛ-ҰЛЫ
Менің әкем өте күшті, әрі мықты. Осы үйді әкем екеуіміз салдық. Әкемсіз ауламызда керемет бақша болмаушы еді және осындай алып үйде тұрамаушы едік. Менің әкем өте жақсы адам, ол маған еңбек сабағына көмектеседі, оның қолынан бәрі келеді. Мен әкеммен бірге барлық спорт түрімен айналыстым. Мысалы: Шахмат, футбол және т.б.
ІҢКӘР СЕРІКБОЛ- ҚЫЗЫ
Мен әкеммен мақтанамын. Менің әкем үлкенді сыйлайтын, мейірімді, өте қамқор адам. Маған сыныпта көрнекіліктер жасап әкелуді берген кезде менің әкем маған жасап көмектесетін.Ағамның артынан еріп жүрсін деп спортқа да берген. Қазір мен жүзуге, жүгіруге, домбыраға т.б үйірмелерге қатысамын, шахматты да білемін, әкеммен тенисты да жақсы ойнаймын, мен әкемді жақсы көремін.

Қамқоршы әке Әли Нұрахметов жетістіктігімен де балаларына үлгі. 2009, 2010, 2011 жылдары арнайы мақсатталған барлау топтары арасындағы халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған. 2014 жылы «Үздік взвод сержанты», 2015 жылы «Үздік рота сержанты», 2023 жылы «Полктің үздік батальон сержанты» және 2024 жылы «Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің үздік батальон сержанты» деген де атақтары бар.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА