Қаламызда «Автобус» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Оның барысында жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын көліктер тексеріліп жатыр.

Жедел-алдын алу шарасы облыс бойынша қолға алынған. Полиция департаментінің мәліметінше, жолаушы тасымалдау ережесін бұзып, көліктің техникалық жағдайын қалыпты жағдайда ұстамаған және қосымша орындарды жабдықтағаны үшін 44 көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

БАУЫРЖАН САДАҚБАЕВ - АБАЙ ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл жедел-алдын алу іс-шарасы автомобиль көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік және еңбек тәртібін арттыруға, техникалық жағынан ақаулық немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтауға, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуге бағытталған. Өткізілген екі күн ішінде ішкі істер бөлімінің 549 қызметкері жұмылдырылды, онда жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын 44 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бауыржан Садақбаевтың айтуынша, ең жиі кездесетін мәселе – қосымша отыратын орындарды қосу мен автобустарды қайта жабдықтау. Одан қалса, жолаушыларды тасымалдау ержелерін бұзу фактілері де кездеседі. Оның ішіне жолаушыларды шамадан тыс, яғни техникалық рұқсаттамасынан артық тиеп алатын қоғамдық көліктері көп. Тіпті, қаладағы әрбір екінші автобус қауіпсіздік ережелерін бұзады десе де болады.

БАУЫРЖАН САДАҚБАЕВ - АБАЙ ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Атап айтқанда, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарын қайта жабдықтау сияқты заң бұзушылықтарға жол беріледі-қосымша орындар орнату және жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамау жиі кездесіп жатыр.

Осыдан бөлек полиция қызметкерлері мопед, мотоцикл, скутер және электросамокат жүргізушілерімен күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Жаз келгелі қала бойынша жалға алынатын самокаттарды да әрбір көшенің бойынан көруге болады. Сондықтан, полиция қала тұрғындарын жолда жүру ережелерін қатаң сақтауын шақырады.


СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ