Өткен жылы Семей қаласының аумағында суға шомылу кезеңінде 7 адам суға батқан. Олардың барлығы ересектер. Ал 2022 жылы қаланың су айдындарында 3 бала суға кетті. Жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған жерлерде орын алады. Әрбір тұрғын су маңындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек.

АСЫЛБЕК БАЙБУРОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Статистикаға сәйкес, 2023 жылы, шомылу маусымы кезінде облыс бойынша 15 адам суға батып кетті. Оның ішінде 3 бала болды. Статистикаға сәйкес, адам өлімінің 60% - ы алкогольдік мас күйінде және суға жүзе алмаудан болады. Сондай-ақ ересектер балаларды қараусыз қалдырады.

Семей қаласында суға шомылуға рұқсат етілген 2 орын бар. Бұл "Заря" жағажайы және "Пристань"ауданындағы қалалық жағажай. ТЖ департаменті су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді. Ведомство қызметкерлері балаларды қараусыз қалдырмауды, мас күйде суға шомылмауды, сондай-ақ тыйым салынған жерлерге суға түспеуді еске салады.

АСЫЛБЕК БАЙБУРОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін, дәл осы ТЖД тарапынан қала тұрғындары ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Полиция департаментінің өз баптары бар, бұл адамдар көп жиналатын жерлерде алкогольдік ішімдік ішу, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы және 364-бабы су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамауға байланысты шара қолданылады.

Департамент көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Инспекция су кемелерін бақылауды және патрульдеуді жүзеге асырады. Айта кетейік, мұндай кемелермен тек Шүлбі кентіндегі, Шүлбі су қоймасында, Бородулиха ауданы жағынан және Жаңасемей ауданына дейін, сондай-ақ Алакөлде жүруге болады.

МАЛИКА МУХТАРОВА