Семей қаласының № 8 балалар үйінде мереке ұйымдастырылды. Демеушілер балаларға сыйлықтар мен тәттілер әкелді. Ата-ана қамқорлығынан тыс қалған бүлдіршіндер қонақтарға өнерлерін көрсетті. Балалар үйінде мереке. Қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтап келді. Ол осы жерде тұрып жатқан балалар мен жасөспірімдерге ізгі тілегін жеткізді.
АРАЙБЕК ХАМЗАЕВ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әркім баланың өзінің ойы бар, осындай біз зат алсам екен, осындай дүние менде болса екен. Соған бір кішкентай болса да сіздерге бір арман-тілектерінізді орындай деген ойымен осындай іс-шара ұйымдастырғанбыз. Тек сабақтарынды жақсы оқып, денсаулықтарынызды күтсеніздір, бәрі де жақсы болады.
Балаларға сыйлықтар әкелген демеушілер олардың тілегін ескерген. Әр баланың арманындағы затын алып келген. Осылайша, демеушілер бүлшіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
ӘДІЛ ГАБДЫШЕВ –АҒА ИНЖЕНЕР
Бүгін Балалық шақ күніне орай біз балаларға хаттары мен тілектеріне сәйкес сыйлықтар әкелдік. Бұл велосипедтердің, скутерлердің барлық түрлері. Біреу киім, футбол формасы, баскетбол формасын сұрады. Ең кішкентайлары скутерлерді, велосипедті және басқа ойыншықтарды, техниканы сұрады.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға өнерлерін көрсетіп, сый-құрметтерін жеткізді.
ПЁТР МЕЛЬНИКОВ – БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ
Менің ойымша, түгел баланың көңіл күйі өте тамаша, себебі өздерін армандаған сыйлықтарына жетті. Соны алып, көріп, тамашалап отыр. Қазақстандағы барлық балаларды балалар қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Дендерін сау, ешқашан сырқаттамай, сабақтарын жақсы оқындар.
КАРИНА ГАВРИЛОВА - БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ
Жалпы, біз туралы ұмытпағанына өте ризамыз. Барлық балаларды балаларды қорғау күнімен құттықтағым келеді, Оларға бар жақсылықты тілеймін. Біз үшін әрқашан мереке. Барлық балалар сау, бақытты және әрқашан жүздерінде күлкі болсын.
Балаларды жан-жақты қолдау басым бағыт. Балалар үйінде оларды жан жақты дамыту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Үйірмелер мен спорттық секциялар бар. Балалардың шығармашылық, спорттық және зияткерлік дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА