Шар қаласының әлеуметтік осал топтарына арнайы көлік берілді. Ол тірек-қимыл аппаратында ауытқуы бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған. Инватакси Шар қаласын дамытуға арналған жол картасы аясында сатып алынды.

Шар қаласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында бірқатар шаралар жоспарланған. Жақында спорт кешенінде Газель автокөлігінің кілттерін тапсыру рәсімі өтті. Бұл жолы Жарма ауданының Шар қаласына әлеуметтік қызмет көрсету орталығына Инватакси кілті табысталды. Көлікте ыңғайлы жабдықтар мен құралдар бар. Бұған дейін балаларды тасымалдау және оларға қызмет көрсету үшін аудандық әлеуметтік мекемеге инватакси беру мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын.

ЖАРҚЫНБЕК БАЙСАБЫРОВ ЖАРМА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Осы жақында, осы жердегі спорт мектебіне газель автокөлігі табысталған болса, міне бүгін осы ерекше балаларға арналған инватакси көлігі табыс етілді. Сондықтанда өз атымнан , Шар қаласының халқы атынан , облыс әкімі Нұрлан Телманұлына үлкен рахметімді білдіремін.

Жол картасы аясында жүзу бассейні мен басқа да спорт үйірмелерін ашу көзделген. Ата-аналар жаңа инватакси таптырмас көмекші болатынына сенім білдірді.

Баламды өзім апаратынмын, алып келетінмін. Қалған ата-аналарға қиын болатын, такси керек ол үшін. Өте жақсы жаңалық, қуаныштымыз.

Балалардың ата-анасының атынан үлкен алғысымызды айтамыз. Бұрын больницаға баруға коляскамен ыңғайсыз болатын. Енді қазір инватаксиді больницаға баратын кезде шақыртып , осылай көп көмек болды деп ойлаймын.

Шар қаласының тұрғыны Ержан Тұрсынұлының ұлы осы арнайы орталықта оқиды. Баласын қажетті жерлерге жетектеу қиын болғанын айтады. Енді бұл көліктің арқасында жұмыс жеңілдейді.

ЕРЖАН САРЫМСАҚОВ ШАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Өз балам, мысалы міне 28 жаста, осыдан 20 жыл бұрын осы орталықта білім алды. Соған өз ризашылығымды білдіремін өз атымнан, отбасымның атынан. Дендері сау болсын , жұмыстары жемісті болсын. Осындай қуаныш бола берсін деп тілегім келіп тұр

ШАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

Сонымен қатар Шар қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсені қатысты. Олар Ертістің саласы болып табылатын Шар өзенінің жанына жиналып, аумақты қоқыстан тазартты.

ЭРДОС МҰРҰМБАЕВ ШАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Шардың өзі мына жаққа екі шақырым бар, мына жаққа екі шақырым бар. Сол өзеннің жағалауын тазалаймыз. Перекресток бар, оныда тазалаймыз.
Экологиялық акция Жарма ауданы мен Шар қаласыныңның барлық аумағын қамтыды.