Семейде 1000 -нан аса көшет отырғызылды. «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы шеңберінде «Жасыл аймақ» апталығына өңірлер белсенді қатысуда. Семейде өткен сенбілікке 300-ден астам адам қатысты.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын халқымыз мықтап ұстанған. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тоғайлар маңын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. Семейліктер «Жасыл аймақ» апталығында тұрғын үйлер ауласына емен, алма ағашы, шырша, бөртегүл, бөріқарақат, майқарағай сияқты бірнеше ағаш түрін екті. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов бастаған 300-ден астам адам қатысты.

НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы Жасыл аймақ бағыты бойынша бізде Семей қаласында мыңнан артық ағаштарды отырғызып жатырмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай қаланың шеткері аумақтарын да біз қалыс қалдырған жоқпыз.сенбіліктер ары қарай жалғасып жатыр

Қалалық мәслихат депутаттары да игілікті іске ат салысты.

ДАРИҒА АБАЙҚЫЗЫ СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Біз міне осы Академика Павлова 105 үйінің тұрғындары осындай тамаша күні осы алаңды жеміс-жидектер бақшасы деп атадық. Бүгін міне ақ қайыңдар отырғызып жатырмыз және ребина көшеттерін отырғызып осы жердің тұрғындары осы жерді қарап үлкен бір бақшаға айналдырамыз деген үімттеміз

Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің адамға тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады. Шу деңгейі төмендейді. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан акция көпшілікті табиғатты қорғау акциясына жұмылдырды.

Бүгін барлығымыз бір кісідей көшет отырғызып жатырмыз. Сенбілік өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Көбінесе аға буын өкілдері қатыуда, жастардың да белсенді атсалысқаны жақсы деп ойлаймын.

Ауламызды әдемі етіп көркейткіміз келеді. Жасыл желек жайқалған гүл болса дейміз. Ол үшін ағашты егіп қана қоймай оған қарау керек. Бұл біздің қолымыздан келеді.

Сенбілікке барша қала тұрғындары белсенді қатысып, өскелең ұрпаққа өз істерімен үлгі көрсетті.

Рүстем Қайратұлы