Сингапур елінде робототехникадан өткен «Singapore FIRST Championship 2024» халықаралық сайысында Семейлік жастар топ жарды. Бас жүлде иеленген «RO-Alemi» құрама командасының оқушылары мен жетекшілерін Әлихан Бөкейхан университетінде марапаттады. Сингапур елінде робототехникадан өткен халықаралық сайыста бас жүлде иеленіп, Қазақстан Республикасының, оның ішінде Абай облысының намысын әлемдік аренда қорғаған «RO-Alemi» құрама командасының оқушылары мен жетекшілерін Әлихан Бөкейхан университетінің ұжымы марапаттады. Салтанатты іс-шара «RO-Alemi» робототехника орталығының құрылтайшысы – Әлихан Бөкейхан Университетінің бастамасымен ұйымдастырылды.

АРДАҚ КӘРІПЖАНОВА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЦИФРОВИЗАЦИЯ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ПРОРЕКТОРЫ

Қазір заманның талабына сай барлығы автоматты түрге айналып келе жатыр. Оның ішінде робототехника ғой бүгінгі айтып жатқанымыз. Неге робототехника десек.Қазір қандай да саланы болсын роботпен алмастыруға, күрделі қауіпті жерлерде роботпен алмастырып робот қолдармен жұмысшылармен алмасытруға болатын жағдайлар жасап жатыр.

Іс-шараға оқушылар мен олардың ата-аналары, Абай облысы білім басқармасының басшылығы, облыстық Инновациялық-әдістемелік орталығының мамандары, Білім-Инновация лицейі мен №22 мектеп-лицейінің директорлары мен мұғалімдері қатысты. «RO-Alemi» орталығы 3 ай бұрын ғана ашылған. Қысқа уақыт аралығында сапалы нәтиже көрсеткен орталық мамандары жарысқа тыңғылықты дайындалған. Сингапурде өткен халықаралық сайысқа 80 команда қатысқан. Олардың арасынан Семейлік оқушылар бас жүлдені жеңіп алды.

БАҚЫТБЕК ОРЫНБАЕВ «RO-ALEMI» РОБОТЕХНИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Осы университеттің әкімшілігіне және арнайы Шырын Асылхановнаға алғысымды айтамын. Себебі баснынан бастап қолдап, бүкіл мына роботтарды алуға барлық жағынан қолдау көрсетіп, қаржы бөліп бүкіл жағдайын жасады орталықтың. Робототехникадан осы орталықтың тренері ретінде өзім дайындадым. Қосымша жеті бала болғандықтан Сәкен мұғалім екеуіміз дайындап апарып келдік.
ЖӘНІБЕК ӘБДУКӘРІМОВ «SINGAPORE FIRST CHAMPIONSHIP 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Мен робототехника курсына келіп жүргеніме 2 жылдай болды. Біз ферст лига чемпионатына 1 ай дайындалдық. Және жақсы нәтиже көрсеттік.
АРЫСТАН ИБРАГИМ «SINGAPORE FIRST CHAMPIONSHIP 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Өте керемет өтті. Сингапур өте керемет мемлекет. БІз жарыс күні қатты қобалжыдық. Өйткені Қазақстанның намысын қорғайтын болдық. БІрақ қобалжығанымызға қарамастан бас жүлдені алып елімізге қайттық.

Әлемдік додада үздік өнер көрсеткен оқушылар мен олардың жетекшілеріне Әлихан Бөкейхан Университетінің Президенті, профессор Шырын Асылханқызы Құрманбаеваның арнайы сыйақысы табысталды.