Қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды. Қазір еліміздің әр өңірінде дайындық басталды. ҚМДБ Абай облыстық өкілдігі де қасиетті Рамазан айының басталуына орай, имамдардың кеңейтілген отырысын ұйымдастырды.

Мейірім мен кешірім айын жұрт асыға күтетіні рас. Дәл осы айда адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, жақсы жаққа өзгеруге амал жасайды, ораза тұтады. Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жоспарды имамдардың назарына ұсынды. Қасиетті айда бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

АСҚАР МҰҚАНОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАС ИМАМ
Жалпы еліміз бойынша мұсылмандардың дінге, руханилыққа қатты көңіл бөлетін айы. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Осы тұрғыда біз облыс имамдарымен бірігіп осы Рамазан айында атқарылатны іс- шараларды талқылап, бекітіп жатырмыз. Алла бұйырса 70- ке жуық іс-шара өтеді. Оның ішінде біразын қамтитын қайырымдылық шаралары, сонымен қатар, Рамазан Құран айы болғандықтан, Құран Кәрімге қатысты іс- шаралар, уағыз- насихат шаралары, мешіттерді, қатымханаларды халыққа дайындау, дайындық іс- шаралары. Безендіру және басқа да іс-шараларға қатысты 70- ке жуық шара бекітіп отырмыз.

Рамазан айында Абай облысы бойынша 70-ке жуық іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде «Ел үлесі пәтерге», «Жетім көрсең жебей жүр», «Қарттарым асыл қазынам» және т.б жобалар бар. Жылда «Зекет және қайырымдылық қоры» бірқатар қайырымдылық шараларын өткізеді. Мешіт қызметкерлерімен бірге «жетімдер үйіне» азық-түлік апарады. Биыл бұл бағытта біраз өзгеріс болады.

РАШИД БЕИСОВ «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ МАМАНЫ
Жетімдер үйіне бару. Жыл сайын жетімдер үйіне барамыз. Кейбір жетімдер үйінде мына тамақ болмайды деп айтып жатады, біздің апарған тамақтарымызды тексеріп жатады. Соған байланысты, сол ұсақ балаларды жинап ойнайтын алаңға алып барсақ дейді. Қазір қазақша мультфильмдер шығып жатыр ғой, соған апарса. Арнайы уақыт бөлсек осыған. Әрбір мешіт басқа аудандардағы жетімдер үйіне осылай көңіл аударсаңыздар. Одан кейін, ұсақ- түйек заттарын, жөргектерін осы Рамазан айында сыйласақ.

Жиын кезінде Абай облысы бойынша Құран секторына жауапты маман ретінде Байбатыр Шыңғысбекұлы бекітілді. Ол Нұр-Мүбәрак университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша білім алған. 2022 жылдан бері Семей қалалық Хакім Хазірет мешіт-медресесінде ұстаздық қызметін атқарып, жас қариларды тәрбиелеумен айналысып келеді. Байбатыр Шыңғысбекұлы Рамазан айында өтетін іс-шаралар жоспарын көрсетіп, баяндама жасады.

БАЙБАТЫР ШЫҢҒЫСБЕКҰЛЫ ХӘКІМ-ХАЗІРЕТ МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІНІҢ ҰСТАЗЫ
Хәтім Құран деген бастама бар. Ол жерде Рамазанның 30 күнінде 30 парақ құран-хатым оқылуы керек. Бұл енді бізде қаланың барлық мешіттерінде оқылғаны жақсы. Бірақ та негізгі міндеттелетін мешіттер ол ең алдымен Абай Құнанбайұлы мешіті, орталық мешітіміз. Одан кейін тыныбай мешіті Қос мұнаралы мешіт. Төлеубек қажы мешіті. Даланбай ата Шәкәрім қажы мешіті. Тас мешіт. Хакім Хазрет мешіті. Осы мешіттерге міндеттеледі.

Рамазан айы ислам дініндегі адамның өз- өзін тәрбиелеуіне мүмкіндік беретін уақыт. Мейірімділік пен кешірім айы. Биылғы Рамазанда облыс имамдары жетімдер үйіне, жоқ-жітікке демеу болуда игі бастамаларға ұйытқы болуды жоспарлап отыр.

РҮСТЕМ ҚАЙРАТҰЛЫ