Семейде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, 2 000 басқа арналған үй жануарларының панажайы салынады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев айтып берді. 


Ветеринария басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар осы саладағы мемлекеттік саясатты және облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ветеринария басқармасында шаруашылық жүргізу құқығында 8 аудан және 1 қала бар. Оларда 132 ветеринариялық пункт орналасқан. 2024 жылға ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін тіркеу үшін жоспар бекітілді. Бүгінде ветеринарлық мамандар ауыл шаруашылық малдардың төлдерін деректер базасына енгізуде.


2024 жылы бекітілген ветеринарлық алдын алу диагностикалық іс-шаралараның жоспарына сәйкес, біздің облыс аумағында ауыл шаруашылық жануарлары арасында аса жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық 13 ауруға профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, яғни вакцинация. Сонымен қатар, 9 ауруға сирологиялық және диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі. Бүгінгі күнде ақпан айынан бастап, диагоностикалық іс-шаралар жүргізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларынан қан сынамаларын алып, ветеринарлық лабораторияға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, республикалық қордан бөлінген ветеринарлық алдын алу іс-шараларын ветеринарлық препараттарды аудан орталықтарына жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні толығымен аяқталды.

Семейде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес 2 000 басқа арналған қараусыз жануарларға панажай салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Қалалық құрылыс бөлімінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда жоба 70%-ға әзірленді және биыл наурыз айында аяқтау жоспарлануда. Облыстың аудандары мен қалаларында қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау пункттерін құруды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

ЕРЖАН БАРЫШЕВ - АБАЙ ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі таңда Семей қаласында мемлекеттік панажай салу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жер телімі бәрі белгіленген. Бүгінгі күнде қалалық құрылыс бөлімімен жобалық- сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізге келіп түскен ақпарат бойынша наурыз айында бұл жұмыстар аяқталып, ары қарай құрылыс, қаражат бөлу мәселелері қарастырылатын болады. Сонымен қатар басқа аудан, қалаларда бүгінігі күнде түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ, ол жерде панажай емес, уақытша ұстау орны дейміз, осы бағытта аудандық, қалалық әкімдіктермен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан облыс бойынша 1 775 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланды. Оның ішінде 640 жануар Семей қаласы бойынша, бір бөлігі «Четыре лапы плюс» қоғамдық қорының жануарларға арналған меншік панажайына және бір бөлігі жаңа иелеріне берілді. Абай облысы бойынша полиция департаментінің ресми ақпараттарына сәйкес, 2023 жылы заң талаптарын бұзғаны үшін 174 және 2024 жылы 48 үй жануарлардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

АСЛАН ЕРТІСБАЕВ