Болгария профессорлары біздің аймақтағы орман өртінің салдарымен күресу үшін жаңа жобаны ұсынды. Бұл әдіс орманды қалпына келтіруге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар экологияның ғылым ретінде дамуына ықпал етеді. Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Орман өрттері-ХХІ ғасырдың жаһандық мәселесі» республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Іс-шараға облыстық әкімдіктің, мүдделі мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ отандық және Польша, Болгария, Ресейдің жоғары оқу орындары өкілдері қатысты. Конференцияда облысымыздағы ірі өрттен кейін орманды қалпына келтіру және осындай жағдайлардың алдын алу жолдары талқыланды.

ДИМИТРИЙ ГАРИКОВ-АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Біз таяу жылдары барлығымен бірлесіп мемлекеттік орман қорын қалпына келтіруіміз керек. Бүгінгі таңда Абай облысы аумағы бірегей қылқан жапырақты орманы бар аймақтардың бірі. Біздің міндетіміз-оны сақтау, қалпына келтіру және жасыл алқаптарды барынша көбейту».

Конференцияда Болгария Орман техникалық университетінің Дендрология кафедрасының профессоры Александр Ташев онлайн-режимде сөз сөйледі. Оның өрт салдарымен жұмыс істеу тәжірибесі бар, біздің облыста жаңа жобаны іске асыруды ұсынды. Өртенген ағаштарда зиянкестер пайда болуы мүмкін, сондықтан ең алдымен жұмысты өртенген ағаштарды кесуден бастау керек. Өйткені, біраз уақыттан кейін зиянкестер жасыл қарағайларға көше бастайды. Сонымен қатар, өрт аумағында зерттеулер жүргізіліп, топырақ көрсеткіштерінің өзгеруі бақыланатын болады. Мұндай жоба нәтиже беріп қана қоймай, ғылымның дамуына үлес қоспақ. Зерттеу нәтижесіндегі білімді оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде пайдалануға болады. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өткен жылы біздің облыста 200-ге жуық орман өрті болғанын айтты. Сондықтан алдағы жаз маусымына дайындықты күшейту қажет.

АЛЕКСЕЙ ШТЫКЕЛЬ-АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Резерват өткен жылы бюджет және бюджет қаражаты есебінен 14 өрт сөндіру көлігін, су тасымалдауға арналған 8 өрт тіркемесін, 19 орман өртін сөндіру кешенін, 3 патрульдік автокөлікті, өрт сөндіру машиналарына арналған 25 қозғалтқышты, 20 мотопомпаны, 190-нан астам рюкзакты орман өрт сөндіргіштерін сатып алды. Сондай-ақ, арнайы формалар алынды.

Сондай-ақ, жұмысшылар рациямен қамтылған. Орманшылардың керек-жарағын түгендеуге бір миллиард үш жүз миллион теңге бағытталды. Авиапатрульдеу үшін "Әуеорманқорғау" кәсіпорнымен орманшылықтар келісім жасауды жоспарлауда. Су төгетін құрылғысы бар "МИ-8" тікұшақтары облысқа қажет. Ол тақырып алда қаралатын болады.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА