Абай облысы Қазақстан әйелдер күштері альянсының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында қауымдастықтың алдағы жұмыс барысы туралы айтылып, Семей қаласы әкімдігі, қалалық мәслихат және Ішкі саясат басқармасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында іскер әйелдер қауымдастығы қала әкімдігімен әйелдердің әлеуметтік мәртебесін жақсарту, олар үшін экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ кәсіпкер әйелдерге арналған гранттық және несиелік бағдарламалар санын көбейту жоспарланған. Сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына жәрдемдесу, еңбекте гендерлік теп-теңдікті сақтау бағыттары бойынша бірлесе жұмыстар атқару қарастырылған.
АРАЙЛЫМ ӘЛІМЖАНОВА- ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР КҮШТЕРІ АЛЬЯНСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Бұл меморандум төңірегінде Қазақстан әйелдер күштері альянсының 20 жыл бойы атқарып келе жатқан істерін одан әрі қарай жалғастырып осы Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік проблемалары болса, әйелдерге және балаларға қатысты әртүрлі проблемаларды шешу немесе олардың құқықтарын қорғау сияқты осындай іс-шаралар төңірегінде осы басқармалармен және басқа да ұйымдармен әрі қара жұмыс істейтін боламыз.
Сондай-ақ Қазақстан әйелдер күштері альясы әйелдер көшбасшылығын ілгерілету, нәзік жандылардың саясатта, мемлекеттік құрылымдар мен атқарушы билік органдарында жұмыс істеуін қолдайтын «Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі» жобасын дамытуда. Жиында осы жоба бойынша білім алған түлектерге сертификаттар табысталды.
ДАНИЯР ШӘКӘРІМОВ- СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгін Семей қаласында саясат әйелдер көшбасшылығының мектебінің түлектерін қолдап осы Шәкәрім университетіне келдік. Сертификаттар табыстап түлектеріне және мәслихат депутаттары атынан меморандумға отырып, бір-бірімізге қолдау көрсететін боламыз. Әрі қарай енді Әйелдер альянсымен бірге жұмыс істейміз деп ойлаймыз.
Әйелдер күштерінің альянсы- әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда, гендерлік теңсіздікке байланысты мәселелерді шешуде, сондай-ақ олардың саясатта, экономикада және қоғамдық жұмыстарда белсене қатысуына ықпал ететін ұйым.
АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА