Семейдің балет мектебі елдің мақтанышына айналған ұжым. Мыңдаған шәкірт қанаттанып, өнер әлемінен орындарын тауып келеді. Облыстық балет мектебінің кезекті қойылымы көрермен назарына ұсынылды..
Облыстық балет мектебінің кезекті қойылымы. Жас бишілер Чайковскийдің «Щелкунчик» шығармасының желісімен сахналық шығарманы көрерменге ұсынды. Мектеп балалардың жоғары деңгейде кәсіби шеберліктері, шығармашылық көзқарастарының дамуы мен қалыптасуы үшін жағдай жасап келеді. Би баланы әдемілік пен биік талғамға баулып, музыка әлемінің қыр-сырын ұғындыруға үйретеді. Еңбек пен бастаған істі соңына дейін жеткізуге қажет табандылыққа баулиды. Мінезін қалыптастырады. Осы жылдары балет мектебінен жиырма мыңға жуық шәкірт түлеп ұшты.
АНАР МУСЛИМАНОВА – ОБЛЫСТЫҚ БАЛЕТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұндағы балалардың, біздің мақсатымыз олардың шығармашылығын дамыту, оларыдң өнерін сахнада көрсету. Ең алдымен мен Балет мектебінің ұжымына, барлық оқушыларға, ата-аналарға, Камиля Рашитовнаға үлкен рақмет айтамын.
Қазір балет мектебінде 150-ге жуық шәкірт бар. Жас дарындар «Щелкунчик» қойылымына 1 айдан аса дайындылған. Танымдық шараға қолдау көрсетуге келген бишілердің жақындары, балет сұлулықтың, тартымдылықтың белгісі болған спорт түрі екенін атап өтті.
Мен жыл сайын спектакльдерді тамашалауға келемін. Қойылымдарды көруге келген сайын балет мектебінің мүмкіншіліктері күннен күнге артып бара жатқанына тағы бір мәрте куә боламын. Костюмдері керемет. Қиялдың одан әрі шарықтайтын жері жоқ сияқты болып көрінгенімен, олар әрдайым жаңа, әдемі дүниелерді ұсынады. Орындау техникаларының айтқарлықтай жаңа деңгейге өскенін байқауға болады.
Би сабақтарына қуана барады. Балет қызға ерекше нәзіктік пен денсаулық сыйлайды. Немереміз басқа қалаларға да барып келді. Біз өте ризамыз.
Семейдегі балет өнерін дамытып келе жатқан мектеп жыл сайын қала тұрғындарына осындай би мерекесін сыйлайды. Қойылым әрдайым көптің көңілінен шығып, бишілер қауымы көрерменнің ыстық ықыластарына бөлінуде.
АРУЖАН ТАУБЕКОВА