Бүгін күннің екінші жартысында Семейдегі тағы бір сауда орталығында өрт шықты. Бұл жолы оқиға орнының мекен жайы қала орталығындағы бір қабаттық «Бирюса» сауда орталығы болды. Тілшіміз Аружан Таубекова оқиға орнынан баяндайды.
"Бирюса" сауда үйіндегі өрт туралы 101 пультіне 13 сағат 51 минутта хабарлама түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде ғимараттағы қою түтін байқалды. Тексере келе аспалы төбенің жанып жатқаны анықталған. Құтқарушылар кәсіпкерлерді дереу далаға шығарды. Олар да оттың қайдан тұтанғанын аңғармаған. Қалалықтар Семейде өрттің жиілеп кеткеніне алаңдаулы.
Зардабы өте көп. Негізі көптеген техникаларды өзгертсе деп едім. Қаланың жағдайы келмейді. Көп жерлері ескі. Сондықтан өзгерістер көп керек. Өртте жиілеп кетті. Жазда орман өртенді. «Ақшың» сауда орталығы және кеше Балабақша өртенді. Міне сауда үйі өртеніп жатыр. Жаңдану керек қалаға.
Ең алдымен, қауіпсіздік техникасы мен сымдарды барлық жерде өзгерту керек. Өйткені сымдар тоқсаныншы жылдардан бері ескі. Егер мұның бәрінің алдын алсақ, онда мұндай өрттер болмайды деп ойлаймын. Барлығы үнемдейді. Нәтижесінде жалға алушылар мен қарапайым адамдар зардап шегеді
Ия өрт қауіпсіздігін жақсартуымыз керек. Себебі қазір көп нәрсе болуы мүмкін.Өрттер жиі орын алуда жақында «Ақшын» өртеніп кетті, содан кейін бірден «Айдана» балабақшасы өртенді. Енді міне, «Бирюса» жанып жатыр. Бүгін бұл сауда орталығына барғымыз келді, ал ол өртеніп кетті. Біздің қалада бұндай дүниелердің болып жатқаны қынжылтады.
Төтенше жағдайлар қызметінің ақпаратына қарағанда, өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 14 сағат 26 минутта оқшауланды. Ал 16 сағат 25 минутта толығымен сөндірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрттің ауданы алдын ала мәліметтерге қарағанда 15 ш. м. Өрттің шығу себебі анықталуда.
АРУЖАН ТАУБЕКОВА