Елде маусымдық жұқпалы аурулардың дендеп тұруына байланысты біздің облыс та маска режиміне қайта оралды. Тұрғындар көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде маска киюге міндетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен кезекті брифингте Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы Нұржан Ноғайбаев баяндады.

Жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтырып, тұмауратқандар көп. Облыстың 38 мыңнан астам тұрғыны ауырып шықты. Оның басым көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Былтырғы эпидмаусыммен салыстырсақ, сырқаттанушылар 4,1% артқан. Осыған орай біздің облыс та маска режиміне көшіп отыр.

НҰРЖАН НОҒАЙБАЕВ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
ҚР бас санитариялық дәрігерінің осы 8 ақпандағы номері 2-ші ауа тамшылары арқылы жұғатын жұқпалардың алдын алу шараларын күшейту туралы қаулысы шықты. Ол қаулыда маска жайлы аталып өтті. Барлық облыс көлеміндегі халыққа айтарым жаппай адам жиналатын қоғамдық орындар, теміржол, әуежай, вокзал, сонымен қатар, театр, кинотеатрлар, үлкен сауда орындарында маска тағу ұсыныс ретінде ұсынылып отыр.»

Қазіргі эпидемиологиялық маусымда тұрғындар арасында тұмаудың А типті, H3N2 атты тұмау жұқпасы жүріп жатыр. Ол дәрігерге қаралғандардың 69 -ынан анықталды. Мамандар иммундау – инфекциялардан қорғанудың ең жақсы тәсілі екенін жеткізді. Қызылшамен ауырғандар да бар. Бұл жұқпалы дертпен аймақтағы 200-ден астам тұрғын сырқаттанған.

НҰРЖАН НОҒАЙБАЕВ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Биылғы жылдың қазіргі күніне дейін біздің облысымызда қызылшаның 227 жағдайы ресми расталып, тіркелген. Анализ жасау барысында оның басым бөлігі, яғни, 34 % бұл 19 жастан жоғары азаматтар ауруға шалдығып отыр. Елімізде қосымша жаппай иммундау жүргізіліп жатыр. Біздің облысымызда осы эпидмаусымда жоспар бойынша 40000 адамға екпе саламыз деп жоспарлағанбыз. Оның 35836 яғни, 89,6 % бүгінгі күні егіліп отыр.

Екпені балалар да, жасөспірімдер де ала алады. Еліміздегі эпидахуалға байланысты қаламыздағы барлық емханалар вакцинамен жеткілікті түрде қамтылған.

НҰРЖАН НОҒАЙБАЕВ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Көкжөтел биыл жыл басынан бері күдікпен 13 жағдай тіркеліп отыр. Оның 2 жағдайы ИФА әдісімен расталды. 4 жағдайы расталған жоқ. Ал, 7 жағдай әлі де жұмыс барысында зерттеліп жатыр. Айта кетерлігі, осы тіркелген 13 жағдайдың 92% бұл екпе алмаған науқастар.

Биылғы эпидмаусымда жұқпалы дерттердің қатарына қызылша қосылды. Ел бойынша инфекциялық аурулардың таралуы тоқтамай отыр. Сондықтан біздің ел маска режиміне қайта көшті. Абай облысындағы қоғамдық орындарда да маска кию міндеттелді.

ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ