Қыс бойы қалада болмаған қар ақпанның ақ түтек боранымен келді. Екі күн ішінде өңірде көлік қозғалысы қиындап, қала жолдарын да қар басты. Көлік қозғапысы қиындап, коммуналдық мекемелердің жұмысшылары кешеден бері қар шығарумен айналысып жатыр.
РҮСТЕМ ҚАЙРАТҰЛЫ ТІЛШІ
Соңғы күндері түскен қар қаланы да, даланы да әжептәуір әуреге салып жатыр. Көшелерді қалың қар басып, көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Қазір қала аумағын қалың қардан тазалау жұмыстарына тазалық мекемелерінің техникалары мен жұмысшылары тартылған. Қаланы қардан тазарту кезінде қоғамдық көліктер бығытына баса мән беріледі.
Қыстай қар болмаған Семейдің көшелері ақ ұлпаға оранып шыға келді. Толассыз жауған қардан жол қатынасы қиындады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері мен қар тазарту жұмыстарымен айналысатын кәсіпорын жұмысшыларында тыным жоқ.
МАҚСАТ ЕСІРКЕНОВ ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ШЕБЕРІ
Мынадай погрущиктерден біреу, және кішкентайдан біреу және 5 шахман берді. Одан кейін сыпыру жұмыстарына 6 белка. Кішкентай механикалық щеткалары бар. 40 тай адам жұмыс жасайды. Менің негізгі жауап беретін жерім саябақтар және осындай алаңдар. БҰл қардың барлығын арнайы зонаға апарып төгеміз. Ол мына 35 колонияның қасындағы орын, сонда апарамыз.
Қала көшелеріндегі қарды мердігер мекеме жұмысшылары арнайы техникалардың күшімен полигонға тасып жатыр. Қыс бойы қала сыртына 25 мың текше метрден астам қар шығарылыпты.
ӘДІЛБЕК УВАСИЛОВ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Біз ең алдымен қаланың шеткері аумақтарын және көлік көп жүретін көшелерді қардан тазартамыз. Тас жолдың бетін тазалау кезінде де мұқият болу қажет. Қазір автогрейдерлер сияқты ауыр жүк көліктері жұмылдырылған. Қарды сыпыратын арнайы техникалар да жұмысқа тартылды. Кей жерлерге инертті материалдар сеуіп жатырмыз. Тротуарларды да назарда ұстаймыз. Қазір тәулік бойы шамамен 80 адам жұмыс істеуде.
Қазір коммуналдық мекемелердің мамандары екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Күндіз қар шығаруға 80 техника шықса, түнде 60-ы жұмыс жасайды. Мамандар алдағы су басу қаупі бар аудандардағы жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр.
Рүстем Қайратұлы