Білікті, білімді жастарға жақсы мүмкіндік. 1 наурызда еліміздің барлық облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады. Өңірлік кадрлық резервке құжат қабылдау 1 наурызда басталады. Абай облысындағытрезервке ілігуге 15 үміткердің мүмкіндігі бар. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жоба жас басқарушылар пулын қалыптастыруға және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тартуға бағытталған. Қалалық әкімдікте жас мемлекеттік қызметшілерге іріктеудің негізгі талаптары түсіндірілді.

НҰРЛАН ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІКТІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

Салалар белгіленген, бұл салалар туралы айтып кететін болсақ, 7 сала белгіленген. Біріншісі- ол индустрия мен өнеркәсіп, екінші экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын-үй коммуналдық шарушалық пен жер қатынасы, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және экология. Осы негізгі бағыттарында іріктеу жүзеге асырылады.

Өңірлік резервке іріктеуге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданғандар қатыспайды.

НҰРЛАН ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІКТІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

Б корпусына ғана лауазымды бос орындарға ғана тағайындалады деген мүмкіндік берілген. Оған саяси лауазымдар көзделмеген, және А корпусына көзделмеген. Б корпусына жататын болса, басшы, орынбасар, басқарма басшысы, бөлім басшысы- олардың барлығына тағайныдала береді.

Іріктеуге жоғары білімі, кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

ӘСЕТ АБЖАКОВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Мынындай құрылым бар. Бұл платформа сертификаттаудан өтті. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бұл авторлық платформасы. Ал құжаттар саны көп емес. Олар сандық форматта бар. Сізге тек бір құжат қалады - ол қызмет өтіліңіз бойынша тізім. Басқалары қолдарыңыздағы цифрланған құжаттар» 0039

Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, үміткерлердің жеке кабинеттерінде, сондай-ақ жобаның сайтында орналастырылатын болады. Сондай-ақ, үміткерлер тілді таңдап, әр кезеңнің өту күні мен уақытын белгілей алады. Резервке іріктеу 5 кезеңнен тұрады. Яғни, құжаттарды қабылдау, заңнаманы білуге және жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу, құзыреттерді бағалау, комиссиядағы сұхбат және бесінші кезең– "комиссия отырысы". Өңірлік резервте болу мерзімі-2 жыл. Құжаттарды қабылдау 1-31 наурыз аралығында жүзеге асырылады.

НҰРГҮЛ САДЫҚОВА