Қой өсіру – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі шаруашылығы. Ертеден халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой осы ата кәсіппен тамырласып жатыр. Абай ауданындағы Көкбай ауылында 4 түлікті, оның ішінде қой басын көбейтіп жүрген шаруашылықтар аз емес.

Асқар Мұсамағанбетов 1996 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады. Қазір шаруашылығында 500 қой,100 бас сиыр мен 80 нен астам жылқы бар. Негізінен қой шаруашылығына басымдық береді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібіне қажетті техника алады. Қазір 3 отбасыны жұмыспен қамтып отыр. Биыл «Күміс жас» бағдараламасы бойынша 1 тұрғынды жұмысқа қабылдаған. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» дегенде терең мән жатыр,-дейді кәсіпкер.

АСҚАР МҰСАМАҒАНБЕТОВ КӘСІПКЕР
Свет тарттық осыдан жеті жыл бұрын. Мемлекеттік госсвет дейді. Одан кейін қой мен сиырға субсидия алып отырмыз жылма жыл. Биыл мемлекеттік бағдараламамен трактор алдым 5 жылға лизингпен. Үш отбасыны жұмыспен қамтып отырмын. Ай сайын зарплатасы, ыстық тамағымен қамтамасыз етіп тұрамын. «Күміс жас» бағдарламасымен де осы жылы бір адам алып отырмын.

Ертеден қой бағып өскен халқымыз үшін, қой шаруашылығы саласын дамыту еш қиындық тудырмайтыны рас. Өйткені қазақ қой өсірудің өзіндік технологиясын ертеден-ақ қалыптастырған. Қой шаруашылығын дамыту арқылы ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, ел экономикасына зор үлес қосуға болады. Ауыл-аймақтарда шаруашылықтардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Яғни, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Ауыл ақсақалдары халық жұмыспен қамтылса, қалаға ағылмайтынын айтып отыр.

СӘКЕН МЕДЕТБЕКҰЛЫ КӨКБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ауылдан кетіп жатқандар жоқ. Ең бастысы ауылда жұмыс бар. Кешегі советтік жүйеде советтік шаруа қожалығы болса, осы қазір 96 шаруа қожалығына бөлінген. Бұның барлығы жеке меншік. Бос адам жоқ, барлығы сонда жұмыс жасайды. Барлық еңбек адамдарына қажетті ынталандыру шаралары жасалған.-07.13
РҮСТЕМ ҚАЙРАТҰЛЫ ТІЛШІ
Қой егіз тапса шөптің басы айыр шығады дейді. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі Шопан ата төлімен тығыс байланысқан. Қой өте төзімді келетіндіктен ауа-райы қатты суық болса да немесе аса ыстықта да жақсы көбейеді. Қой шаруашылығы еліміздің малшуаршылығының негізгі саласы. Көкбай ауылының тұрғындары да негізінен осы кәсіппен айналысады.
БІРЖАН БАЙҒҰРМАНОВ КӘСІПКЕР
Қой шаруашылығымен айналысқаныма 6-7 жылдың мөлшері болды. Елден сатып алып, солай бордақылап кәсібімізді істеп жатқан жайымыз бар енді. Осы малдың арқасында балаларымызды оқытып жүріп жатырмыз.

Ауылда қой шаруашылығы едәуір қар¬қын алып дамып келеді. Кәсіп бастап шаруашылыққа қызығатын жастардың да қатары аз емес.


Рүстем Қайратұлы