Елімізде 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады. Іріктеуді Облыстың комиссия қадағалайды. Резервке іріктеу 5 кезеңнен тұрып, 7 бағыт аясында іске асырылады.

Жобаның басты мақсаты жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру және аймақтарды дамытуға талантты жастарды тарту. Өңірлік резервке алынған азаматтар мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша байқау өткізбей, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Сонымен қатар өңірлік резервке алынған адамның келісімімен оны басқа өңірлерге тағайындауға болады.

НҰРЛАН ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар еліміздің азаматтары қатыса алады. Кандидаттар құжаттарды арнайы жоба сайтында тапсыра алады. Тіркелгеннен кейін үміткер өңірді және салалалық бағытты таңдайды. Бір ғана өңірді және бір салалық бағытты таңдаға рұқсат етіледі. Одан кейін салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді.

Жобаға қатысушылар тест тапсырады. Байқау 7 бағыт аясында іске асырылады. Үміткерлер іріктеуден өту тілін таңдап, әр кезеңнің мерзімін таңдай алады.

 НҰРЛАН ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Іріктеу келесі бағыттар аясында жүзеге асырылатын болады. Индрустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру мен экология.

Әр кезеңнің нәтижесіне сай комиссия шешім қабылдайды. Іріктеу қорытындысы бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, үміткерлердің жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылады. Өңірлік резервте болу мерзімі - 2 жыл. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, алдағы 1 наурыз күні өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, құжаттар осы жылдың 31 наурызына дейін қабылданады. Өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар қатыса алады.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА