2023 жылда Әділет департаментімен 443 заңды тұлғалар филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу бойынша жұмыс жүргізілді. Бюджетке түскен сома – 3,5 млн теңгеден асқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Толығырақ келесі сюжетте.
Абай облысының Әділет департаменті 2022 жылдың 24 маусымында құрылды. Департаменттің қарамағында 5 аумақтық бөлімше және 7 бөлім қызмет атқарады. 2023 жылда Әділет департаментімен 443 заңды тұлғалар филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу бойынша жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік тіркеу үшін алым бойынша бюджетке түскен сома – 3,5 млн теңгеден астам. Әділет органдары тек қана коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркейді. Қазіргі таңда Әділет департаменті Гаага Конвенциясына сәйкес ресми құжаттарға апостиль қою, Минск Конвенциясына қатысушы елдердің сұраныстарын орындау бойынша жұмыстар атқаруда.
ЕРНАР СЕЙДІМБЕК – АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің ресми құжаттары Апостиль қою арқылы куәландырылады. Осы конвенцияға бүгінгі таңда әлемнің 144 мемлекеті қатысушы болып табылады. 2023 жылы Әділет департаменті 450 құжатқа апостиль қойды. азаматтарға ыңғайлы болу үшін 2021 жылдан бастап «Е-Апостиль» электрондық мемлекеттік қызметі іске асырылды. Көрсетілген қызметті алу үшін өтініш берушіде электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. Электрондық апостиль қоюдың артықшылықтары: қызметті жеке қатысуынсыз–ақ алшақтықтан өткізуге болады. Онымен қоса, түпнұсқа болатын құжаттарды апарып көрсетудің қажеті жоқ, мерзімі қысқартылған.
Абай облысы бойынша нотариустардың саны – 120, ал адвокаттар саны – 166. Қазіргі уақытта барлық аудандар нотариаттық және адвокаттық қызметпен қамтылған. Заң кеңесшілеріне Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету құқығы берілді. Әділет департаменті 52 адвокатпен және 27 заң кеңесшілерімен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасады.
ЕРНАР СЕЙДІМБЕК – АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
2022 жылдың 20 маусымында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар тобын кеңейтуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, азаптау, терроризм актілері құрбандарына, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушыларға осындай жеңілдіктер қарастырылған.
Бүгінде облыс аумағында – 51 жеке сот орындаушысы, 11 – мемлекеттік сот орындаушысы бар. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қозғайтын маңызды әлеуметтік мәселе – алимент өндіру. Өткен жылы алимент өндіру бойынша 10 мыңнан астам атқарушылық құжат жеке сот орындаушыларының өндірісінде болса, оның 530 млн. теңгесі алимент өндіруге қатысты.
АСЛАН ЕРТІСБАЕВ