Елімізде жаңадан құрылған «Асылтас» ұжымы алғашқы гастрольдік сапарын Ақсуат ауданындағы Екпін ауылынан бастады. Ауылдағы «Арена» қойылымының премьерасы аншлагпен өтті. Шырмауға түскен шындықтың шынайы келбеті, алдау мен арбауға түскен ақиқат. Өтірік пен көзбояушылық. Осының барлығы «Арена» спекталінің желісіне арқау болған. «Асылтас» теарының актерлері адамның бойындағы жақсы қасиеттердің алдау мен арбауға түсіп жоғалатынын, ал жасандылық пен алдаудың соңы жақсылыққа апармайтынын шебер жеткізе білді.

ЕЛІК НҰРСҰЛТАН РЕЖИССЕР
 Бұл жерде материалдық құндылықтар мен рухани құндылықтардың қақтығысы. Бұл жерде адам кейпіндегі жануарлардың әңгімесі. Енді бұл спектакльдің мақсаты рухты ояту. Елдік, шыншылдық. Былайша айтқанда адамдыққа шақырамыз осы қойылым арқылы.

Театр құрамында Дулыға Ақмолда, Жандарбек Садырбаев, Жанаргүл Жаныаманова сияқты танымал әртістер бар. Елімізге белгілі актриса Динара Үсенова бұл қойылымда ең жағымсыз кейіпкер Жәудір ханымның рөлін сомдады. Актриса кейіпкердің бейнесін ашу оңай болмағанын жеткізді.

ДИНАРА ҮСЕНОВА АКТРИСА
Актер өзімнің рөліме разымын, мен болдым,толдым дегені өте қате пікір. Сол сияқты менде өзімнің орындауыма 100 пайыз қуанып тұрған жоқпын әрине. Оның үстіне бұл Жәудір кейіпкер маған менің табиғатыма өте қарама-қайшы келетіні анық. Мені өмірде білетін адамдар оны жоққа шығармайды деген ойдамын. Тіпті дауыс ырғағымның өзі Жәудірге келмейді менің. Бірақ режиссермен қаншама жұмыс, еңбек жасалды. Сол себепті актриса болғандықтан менде таңдау болған жоқ.

«Аренаның» режиссері Елік Нұрсұлтанұлы, авторы Бақыт Беделхан. Қойылымның «Арена» аталуы бекер емес. Арена - тартысқа толы тағдырлардың, қайшыласқан тірлік пен арпалысқан өмірдің шырмалып жатқан алаңындай.

ДИНАРА ҮСЕНОВА АКТРИСА
Неге «Арена» деген атау берілді деп сұрап отырсыз. Өйткені әр ел әлемдік аренаға шыққысы келеді. Бірақ халық өздерін өздері бағаламайды. Артқа тартады. Біз іштей әлі өзіміз дайын емеспіз. Әлемдік аренаға шығу үшін біздің рухымыз бірінші кезекте биік болуы керек.

Қойылымды тамашалауға келгендердің қарасы қалың, зал лық толы болды. Көрермен сахналық туындыны бір демде көріп шықты. Екпін аулыының тумасы белгілі меценат Дулат Тастекейдің қолдауымен қазақ театр әлеміне жаңадан қосылған «Асылтас» театры осылай «Арена» спектаклі арқылы Ақсуат ауданында өзінің тұсауын кесті.


Рүстем Қайратұлы