Нұргүл Құдайбергенқызы Садықова, шеф редактор
 
1975 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тумасы. 1996 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу педагогикалық университетінің өнер факультетін, 1998 жылы Шәкәрім университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдаған.
 
1996 жылдан қазірге дейін «Қазақстан-Семей» телеарнасының «Жаңалықтар» редакциясында редактор қызметін атқарады. 2012 жылдың қазан айынан бері қазақ тіліндегі бағдарламалар бөлімінің аға редакторы.