Елімізде балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жаңа бастамалар қолға алынды. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік және психологиялық қолдау мен тамақтану сапасына қойылатын талаптар күшейтілді. 1 ақпаннан бастап білім беру ұйымдарында «кенеттен тексеру» жүйесі енгізілді. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау бағытында арнайы басқарма құрылып, бұл саладағы жұмыстар жүйелі түрде үйлестірілмек.