Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ Ашық есік күні өтті. Электротехникалық колледждің студенттері өңірдің ең ірі электр тарату компаниясының жұмысымен танысып, өндірістік процестерді өз көзімен көрді. Мұндай бастамалар жас мамандардың энергетика саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған.