Сенатор Сәкен Арубаев Қ.Р. Премьер-Министріне сауал жолдады. Естеріңізде болса қазан айының соңында Сенаттың Аграрлық комитеті депутаттары Абай облысында көшпелі отырыс өткізген болатын. Онда өңірдің аграрлық және әлеуметтік мәселелері жан-жақты қаралған. Аграрлық комитеттің мүшелері Абай облысындағы түйткілді мәселелерді тізіп, Қ.Р. Премьер-Министріне сауал жолдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі жариялады.