Құрылысы аяқталған «Қалбатау-Майқапшағай» жолының бойында жаңадан Жол пайдалану мекемесі ашылды. 1969 жылдан бері жаңартылмаған нысан толық жаңғыртудан өткен. Жаңа техникамен, жұмысшылармен қамтылды. Аталған жолда қыстағы ең ауыр учаске саналатын Көкпекті ауданына қарасты бөлігі. Мамандар енді қақаған қыста көлік қатынасын бөгетсіз қамтамасыз етуге мүмкіндік туды-деп отыр.