Бүгін Шәкәрім университетінде Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Инклюзия: тең мүмкіндіктер кеңістігі» атты Халықаралық форум өтті. Форум әлеуметтік қолдау, медицина және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы мамандарды біріктіріп, инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға арналды.