Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі. Биыл Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына – 115 жыл. Қазақтың қайсар ұлының от пен оқтың арасында өткен ерлігі мен өрлігі халық жадында мәңгілік. Жазушылық шеберлігінің шыңы да биік. Құдіретті қаламынан да қайталанбас туындылар жарық көрді. Қарумен қаламды қатар ұстаған батыр исі қазаққа ортақ тұлға. Десе де, болмысы бөлек батырды ұлылар елімен не байланыстырады?

Бұл кадрлар «Артымызда Мәскеу» фильміндегі көріністер. Батырдың «Шегінерге жер жоқ, артымызда – Мәскеу» дейтін тұсы осы. Жаудың Мәскеуге қарыс қадам қалғанда айтқаны. Батыр Бауыржанның даңқын аспандатып, бітім- болмысын биіктете түсетін, айбарын айшықтай һәм айғақтай түскен де сол соғыс еді.

Бұл Семейдегі Бауыржан Момышұлы атындағы білім ордасы. Мектепке ердің есімі 2020 жылы берілген. Батыр есімін де жай бере салған жоқ. Ұстаздардың жетістігі мен оқушылардың әскери – патриоттық сайыстардағы жеңісі сараланған. «Батыр есімін иелену үлкен жауапкершілік жүктейді», дейді мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы – ұйымдастырушысы Шопайхан Семейханұлы.

Шопайхан Нукунов - Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы – ұйымдастырушысы

Біз 2013-ші, 2012-ші жылдан бастап осы қаладағы, республикадағы, облыстағы әскери – патриоттық іс-шараларға, жарыстарға белсене қатысып, балаларымыз биік тұғырлардан көрініп жүрді. 01.55 склейка 02.03. 2013 жылдан 2018 жылға дейін біз осы қала бойынша спартакиададан, әскери қолданбалы спорттан, әскери – патриоттық жарыстардан спартакиаданың қорытындысы бойынша он жыл біз жеңімпаз болдық.

Жеңімпаз болатын жөндері де бар. Мына автоматты тез шашып, жылдам құрап жатқан оқушылардың қимылына көз ілеспейді. Мұндағы оқушылар да батыр есімімен аталатын білім ордасында оқитынын мақтаныш тұтады.

Қайсар Оралбекұлы – 10-сынып оқушысы

Өзім Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте оқитыныма мен өзім үлгі аламын. Осылай Бауыржан Момышұлы мектебінің атынан қалалық, облыстық жарыстарға барып жүргеніме мен қуанамын. Оған әрине, екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Бауыржан Момышұлы атындағы көше - бұл. Архивтегі деректерге сүйенсек, бүгінгі батыр атындағы көше бастапқыда «Областная» деп аталыпты. 1929 жылы көшеге Максим Горкийдің есімі берілген. Ұзақ жылдан кейін, егемендіктің елең-алаң шағында көшеге батырдың есімі бұйырыпты. Бұл 1993 жыл еді.

Лаура Қадырова – Абай облысының мемлекеттік архиві ғылыми анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, жалпы барлық біздің ірі тұлғаларымыз белең алып көріне бастаған кезде, қалалық әкімшілікпен және ономастикамен бірлесіп шешім шығарып, көшенің атауын Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есіміне беріледі. Қазіргі таңда көше нағыз ортасында, қалаға келіп жатқан қонақтар болсын, қала тұрғындары бұл көшені өте жақсы біледі.

Батырдың ұлылар еліне ел аралап, сапарлап келгені жайында сарғайған баспасөз беттерінен де мардымды мақала, жазба кездестіре алмадық, дейді архив мамандары. Архивте басқа деректер жоқтың қасы. Алаштың астанасы мен Бауыржан Момышұлының арасындағы бар байланыс, ортақ ұғым әзірге осылар.