Қаламыздың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында төрт жаяу жүргіншілер өткеліне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл жер асты және жер үсті өткелдерін жаңартуға ерекше назар аударылды. Бұл жұмыстар қаламызға көрік беріп келеді. Жаңарту жұмыстары қаланың жүргіншілер көп жүретін негізгі аумақтарында атқарылды. Жақында ғана орталық базар маңындағы жерасты өткеліндегі жөндеу аяқталды. Осы жер сауда алаңына айналғандықтан жөндеу кейінге қалдырылып келген болатын. Келіссөздерден кейін кәсіпкерлер дүңгіршектерін босатып, қазіргі таңда жұмыстар сәтті аяқталды. Қала тұрғындары өткелдің кең, ыңғайлы, әрі қозғалыс үшін қауіпсіз екенін айтуда Жер үсті өткелдері де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, №6 мектептің жанындағы жүргінші жолы қазір лифтпен жабдықталған, бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін өте қолайлы. Сауда үйі аялдамасының жанындағы жер асты өткелі де тұрғындардың көңілінен шықты. Олардың сөзінше, әсем әуен мен тартымды дизайн ерекше әсер қалдырады. Жалпы, өткелдерді жаңарту қалалық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында атқарылуда. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жұмыс барысын бақылауда ұстайды.
Нұрбол Нұрсағатов – Семей қаласының әкімі
Мен қала әкімі болып тағайындалған кезде мен барлық жерасты өткелдерін қарап шықтым және бірінші кезекте жарықтандыруды жақсарту керек екенін байқадым.. Біз айтарлықтай қаржылық шығындарды қажет етпейтін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдадық. Ең алдымен, біз жерасты өткелдеріндегі жарықтандыруды жақсарттық. Осыдан кейін олардың төртеуінде декоративті безендіруді жаңартып, музыка орнаттық. Дыбыс динамиктердің ұрлануына байланысты біз бақылау камераларын қойдық. Жақында ғана жөндеу жұмыстары аяқталған нысан- базар маңындағы жерасты өткелі
Өткелдерден бөлек қала көркін жақсарту үшін, биыл 40 ғимараттың қасбеті жаңартылды. Алдағы уақытта абаттандыру жалғасын таппақ. Бұл облыс орталығын заманауи, жайлы және қауіпсіз қалаға айналдыруға арналған жоспардың бір бөлігі ғана.