Өңірде «Мерейлі ұстаз» жобасы аясында «Ғалымнан ілім» бағыты бойынша дәріс-практикумы өтті. Онда жоғары оқу орындарының оқытушылары Абай облысының білім беру мекемелеріндегі химия пәнінің мұғалімдеріне тәжірибелік дәріс оқыды.

Дәріс-практикум мақсаты білім беру жүйесінде педагог құзіреттілігін жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, білім беру сапасын жақсарту, ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту, педагогикалық тәжірибені дамыту басты назарда. Жиында дәріс оқып өз тәжірибесімен бөліскен оқытушылардың бірі Жанар Қасымова. Жоғары оқу орнында 30 жыл қызмет етіп келеді. «Химия және экология» кафедрасының доценті.

Жанар Қасымова – «Химия Және Экология» кафедрасының доценті

Химия оқыту әдістемесінде кейбір түйткілдер бар. Олардың бірі 10 және 11 сыныптарда оқитын оқушыларға және мектеп мұғалімдеріне химияның кейбір теориялық тақырыптары қиын. Мысалы ол тақырыптарға жалпы химияның бағыттарын жатқызуға болады. Мысалы термодинамика тақырыбы, атом құрылысы сияқты тақырыптар қиын. Сондықтан бұл тақырыптарды тереңдету, балаларды болашақ маман ретінде 10 және 11 сынып оқушыларын анықтау үшін және мұғалімдерге теориялық көмек консультация беру үшін осы дәрістер ұйымдастрылады.

Дәріс офлайн форматта 30 педагог пен қашықтықтан 150 мұғалімді қамтыды. Солардың бірі Дария Таубекова. Еңбек өтілі 28 жыл. Аягөз ауданының тұрғыны. Химия пәніен дәріс береді.

Дария Таубекова – Химия пәнінің мұғалімі

Дәрісте мектеп бағдарламасындағы қиын тақырыптар қамтылған. Бұл тақырыптар мектеп мұғалімдеріне оқушылардың білім сапасын көтеруде үлкен көмегін тигізеді деген мақсатпен келіп отырмыз. Дәрістің маңыздылығы сол қазір мектеп бағдарламасында қиын тақырыптарды меңгертуге үлкен себебін тигізеді. Осы қиын тақырыптарды меңгертуде, оқушылардың меңгеруіне тиімді әдістерді үйрендік. Сол мақсатта келіп отырмыз.

Қазір жастардың да химия пәніне қызығушылығы артқан. Жоғары оқу орны студенттерінің бірі Данара Бейсенова. Жасы 19-да. 3 курс студенті. Химия мамандығы бойынша білім алады. Болашақта ұстаздықпен қатар ғылым жолын қатар алып жүргісі келетінін айтады. Ән айтып, ғылыми мақалаларды оқығанды ұнатады.

Данара Бейсенова – Студент

Өзім осы химия мамандығына арнайылап түскен болатынмын. Маған бұл бұрыннан қызық болатын. Реактивтермен жұмыс істеу, реакцияны жүргізу. Химия мамандығын таңдағаннан кейін біз екі бағытта жұмыс істей аламыз. Біріншісі педагогика, екіншісі ғылым. Ғылыми тұрғыда да жұмыс істеп көргім келеді. Болашақта осындай курстық жұмыстарды алып, белгілі бір мөлшерде керекті заттарды өндіріп реакция жүргізгім келеді.

Данара болашақта білікті маман атанып, дипломын сәтті қорғап шығу үшін курстық жобалармен айналысуда.

Данара Бейсенова – Студент

Қазіргі таңда мен курстық жұмыспен айналысып жатырмын. Бұл хлорелланың құрамындағы жалпы азоттың мөлшері келдорация арқылы анықтау. Осы хлорелланы біз келдакубасын салу арқылы католизаторды қосып және де концентріген күкірт қышқылын қосып біз жүргіземіз. Кейін кері тоңазытқыш арқылы біз келесі этапты жүргізетін боламыз. Бұндағы бүкіл реакциялар өте қызықты жүреді. Біз мұнда түстің өзгеруін, заттың қалай бөлінуін яғни біз амиакты былай өмірде ала алмағандықтан, оны химиялық жолмен қалай ала алатынын көре аламыз.

Танымдық шараның өтуіне Абай облысының білім басқармасы, Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық ұйықты болды.

Аружан Таубекова