Астанада Ауыл шаруашылық қызметкерлер күні қарсаңында өткен форумда елміздің түкпір-түкірінен сала қызметкерлері жиналып, мемлекетімізде агроөнеркәсіпті өркендету жолдарын талқылаған болатын. Форумға Абай облысынан да делегация барды. Солардың бірі ұлттық тағамдарды өндірумен айналысатын Ермек Мезібаев.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің І форумында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, жыл сайын берілетін субсидия көлемін арттыру мәселелері талқыланды. Ермек Мезібаевтің айтуынша, Қазақстан азаматтарының 40 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады және олар ауыл шаруашылығын дамытудағы негізгі күш.
Ермек Мезібаев- «Адал ас» компаниясының құрылтайшысы
Мемлекет басшысы экспортқа біздің әлеуетіміз жоғары екенін айтты. Бүкіл Қазақстанның 40 пайыз адамы ауылда тұрады дейді. Яғни ауыл шаруашылығы сол 40 пайыздың қолында тұр былай айтқан кезде. Одан кейін эскпортты бірнеше мемлекеттерге шығаруға болады деп айтып отыр. Сондықтан да стратегия сізге қойылды, енді осыны әрі қарай дамыту әрбір кәсіпкердің өзінің қолында.
Жиын барысында Мемлекет басшысы елімізде жыл сайын астық өнімнің артып келе жатқаны мәлімдеді. Бидай өндіру саласы да қарқын алып келеді. Айта кетерлігі, еліміз бүгінде бидай экспорттаудан алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі.
Ермек Мезібаев- «Адал ас» компаниясының құрылтайшысы
Форумда айтылғанда мен өзім таң қалдым. 2023-ші жылмен салыстырған кезде Қазақстанда бидай өндіру 56 пайызға өскен. Енді ол керемет өзгеріс. Жылда солай өзгеріп тұратын болса астықтың астында қаласың ғой.
Сондай-ақ, кездесуде Президент сала мамандарына мал және өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша стратегиялық жоспарымен бөлісті. Ауыл шаруашылығы саласында қазір жаңа техникалар мен озық технологиялар пайдаланылуда. Қазір агроөнерәсіпті цифрландыру, диқандарды елімізде өндірілген тұқымдармен қатамасыз ету қолға алынды.