«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында табиғатты аялауға барынша назар аударылуда. Бесқарағай ауданының орталығында саябақ ашылып, халықтың игілігіне берілді. Жаңа саябақ мерекелік концерт өткізуге арналған сахна, LED- экранмен қамтылған. Балаларға арналған шағын футбол, воркаут, ойын алаңдары да бар. Саябақтың лентасын қию рәсімін ауданның құрметті азаматтары, қоғам белсенділері Құмар Мұқашев пен Ерболат Рахметуллин өткізді.
Ерболат Рахметуллин – Бесқарағай ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы
Негізі осы демалатын орынға көп үлес қосқан осы жердегі аудан тұрғындары. Осы жерде жұмыс істеген де аудан тұрғындары. Көбінесе атқарылған құрылыс жұмыстарында ауданның жұртшылығы атқарды осы жердегі. Біздің осы тұрғындарымыз кешкілік уақытын, мереке уақыттарында осы жерге келіп, таза ауа жұтып, бір ауылдың тұрғыны екенін бір-біріне сезіне отырып, концерт бақылап, демалыс орнына айналатынына бір әрқашанда сенеміз деп ойлаймыз.
Құмар Мұқашев- Бесқарағай ауданының "Құрметті азаматы", Меценат
Халық деп алатын, осында той өткізетін, әндер салатын, жастар дем алатын сондай алаңы өте қуанышты, ол үлкен бақыт. Келешек мына жастарға, бүкіл елге, елім аман болсын. Менің өзім туған жерім Бесқарағай. Бүгін әкім, Талғат Батырұлы бүкіл халыққа мынандай жақсы парк салып, жақсы үлкен, сондай сұлу, сондай жақсы, бүкіл жастар осында жиналып отыр.
Тұрғындар бос уақытта таза ауада серуендеп, демалатын қоғамдық кеңістіктің ашылғанына риза. Осы істің басы-қасында болған азаматтарға алғыстарын білдіріп жатты.
Рысжан Күлкешова- Бесқарағай ауданының тұрғыны
Екі кішкентай немеремді алып келдім, жақсы, ұнады өте тамаша балаларға, бір жұма болды келіп жүрміз, күнде келеміз кешке жақын, жақсы, әйбат, рақмет.
Салима Назарова- Бесқарағай ауданының тұрғыны
Бұл біздің ауыл тұрғындары үшін өте бір керемет демалыс орыны деп есептеймін. Әрине балаларда кешке таман демалып, үлкен демалыс құрып, ата-аналарда мәз, баларда мәз , ауданымызда осындай игі істер ашыла берсін деймін. Мен ата-ана ретінде өте қуаныштымын, күнделікті біз осы жерде демаламыз, кешкісін немерелерім келіп демалады, өзіміз демаламыз, өте керемет.
Саябақтың ашылу салтанаты аудандық Мәдениет үйіндегі мерекелік концертпен жалғасты. Аудан тұрғындарына «Берекеcі мен бірлігі жарасқан киелі Бесқарағай» атты сахналық қойылым ұсынылды.
Арайлым Әлиханова