«таза қазақстан» акциясы жалғасуда. бұл жолғы шара «бесқарағайдың інжу - маржанын сақтайық» деген ұранмен бесқарағай ауданына қарасты шошқалы көлінің жағасында ұйымдастырылды. акцияға қатысушылар соңғы жылдары демалушылардың сұранысы арта түскен көл маңын таза ұстауға шақырды.

шошқалы туристердің қызығушылығына ие болған тұзды көл. ол бесқарағай ауданының орталығынан 85 шақырым жерде орналасқан. «таза қазақстан» акциясы аясында аудан басшылығы, белгілі спортшылар, жас отбасылар, аудан депутаттары мен еріктілер «бесқарағайдың інжу - маржанын сақтайық» деген ұранмен көлдің жағасын тазартты.

нұржан ағыбаев бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары

акция басталғалы біздің ауданымызда 120 іс шара өтті. бүгін біз інжу маржан көлінің басына жиналып отырмыз. жиналып отырған себебіміз, бұл жерде бізде қазақстанның түкпір түкпірінен келіп, көптеген өзіміздің демалушыларымыз, халқымыз келіп осы жерге демалады. өйткені бұл көлдің бір емдік қасиеті бар.

минералға бай шошқалы көлі бір-біріне жақын шағын су қоймаларынан тұрады. балшығы да емдік қасиетімен ерекше көлге соңғы жылдары тіпті шет елдерден де демалушылар ағыла бастады. демалушылардың артуымен жағалаудың санитарлық тазалығын сақтау өзекті болып отыр. акция барысында көлдің жағасы қоқыстан тазартылып, қалдықтарды тастайтын жәшіктер орнатылды.

мейрамгүл абылғазинова аудандық мәслихат төрағасы

аудандық мәслихаттың депутаттары, аманат партиясының аудандық филиалының депутаттары, беген орман шаруашылығынан және жастар ресурстық орталығы акцияға қатысып жатыр. бұл шара өте маңызды, біз оның нәтижелерін көріп отырмыз, ауылдарды, ауылдық округтерді, саябақтарды, балалар алаңдарын, скверлерді тазарту жөнінде жақсы бастамалар іске асып жатыр.

акцияға қатысушылар игі іс арқылы демалушыларды табиғатты қорғауға және оның тазалығын сақтауға шақыруда.

тілек тобықбаев бесқарағай аудандық мәдениет үйінің әртісі

біздің бесқарағай ауданы бұл акцияға толықтай кірісті десек артық айтқанымыз емес. жастар да, орта буын да, тіпті үлкендер жағы да бұнын барлығы табиғатты таза ұстаудың бір үлкен үлгісі деп санаймын. себебі табиғат анамыз , жер біздің анамыз, барымыз , қолымызда байлығымыз осы. ал байығымызды бағалап ұстау және өз қалпында ұстау адамзаттың өз қолында

табиғатты қорғау қазіргі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. қоршаған ортаны таза ұстау баршаға ортақ жауапкершілік. осы мақсатты ұстанған "таза қазақстан" акциясы алдағы уақытта да жалғасатын болады.