Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры кезекті қойылымды сахнаға дайындауда. Бұл жолғы спектакль жазықсыз репрессия құрбандарының А.Л.Ж.И.Р.-де қамауда болған жұбайларының тағдырына, олардың тұрмысына арналды. Қойылым жетекшісі Қостанайдан келген режиссер – Баатырбек Шамбетов.
1937-ші жылы КСРО ішкі істер халық комиссариатының арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жанды қамауда болған. Ең сорақысы – мұнда жүкті аналарға да мейірімділік жасалмаған. Нәтижесінде абақтыда 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтан шетінеп кетті. Лагерьге дейінгі жолда пойыздың ішінде келе жатып көз жұмған нәрестелер мен аналар да қаншама. Сондай сұмдық азап кешкендердің бірі Сәкен Сейфулинның жары – Гүлбахрам. АЛЖИР-ге дейінгі жолда келе жатып сүйікті ұлдары Аяннан айырылды. Осындай ауыр күн кешкен әйелдің рөлін сомдаудың өзі өте қауыр болды дейді, актриса Әсел Нұрланова.
ӘСЕЛ НҰРЛАНОВА – АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ
Көптеген азаматтарымыз атылып кетті ғой жазықсыздан жазықсыз, сол азаматтардың туған-туыстары, жарлары, қыздары, қарындастары сол азаматтардың тағдыры туралы АЛЖИР деген Акмолинский лагерь жен изменников родины дейді, яғни, сол туралы. Бұның режисері Қырғызстанның режисері, қазір Қазақстанда қызмет жасап жүрген, Қостанайлық театрында режисер болып жүрген Батырбек Шамбетов деген ағамыз, сол кісі бастап біздің спектакліміз осы біздің сахнамызда қойылып жатыр. Өте ауыр енді, себебі мектеп қабырғасында бұрын естігенде АЛЖИР дегенді тақырыбын, АЛЖИР – АЛЖИР деп қабылдайтынбыз, ал енді спектакльді ойнап жатқан кезде біз мүлдем өзгеше әсер алдық. Себебі қаншама әйелдің тағдыры бойымыздан өтті.
Спектакль режиссері Батырбек Шамбетов арнайы шақыртумен келіп, бір ай көлемінде Абай театрының актерларерімен бірлесіп жұмыс атқарды. Осыған дейін режиссердің бастауымен «Дариға-ай» жастар театрының орындауында Мар Байджиевтың «Оқиға» атты спектаклі халық назарына ұсынылған болатын. Бұл қойылым Семейліктердің жүрегінен ерекше орын алған болатын.
БАТЫРБЕК ШАМБЕТОВ – ҚОЙЫЛЫМ РЕЖИССЕРІ
Бұл Армиял Тақсымбеков журналист ағамыздың жан дауысы, «АЛЖИР Архипелагы» деген деректі публицистикалық повесінен құралған инсценировкаланған спектакль. Бұл спектаклде баяғы қызыл империяның қылышынан қан тамған заманда 38 жылдарда, репрессияның кезінде атылып кеткен арыстардың келіншектері туралы баяндалады. Тоталитарлық режимде адам қалай өмір сүрді, олардың көрген күндері қалай болды, олардың қандай жазығы бар еді, халық жауы деген қоңырау адам жанына қаншалықты батқаны туралы суреттеледі бұл спектакльде.
Айта кетейік, қазақтың көрнекті қоғам қайраткерлерінің тағдыр тәлкегіне түскен әйелдері мен туған-туыстары жайындағы «Алжир» қойылымының премьерасы көрермен назарына қыркүйек айында ұсынылмақ.
СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ