Семейде Қазақстан халық партиясы Абай облысындағы филиалының ұйымдастыруымен партияның 20 жылдығына орай «Халықпен бірге 20 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға партия мүшелері, қала белсенділері және әкімдік өкілдері қатысты.
Қазақстан халық партиясы ел байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құруды мақсат еткен. Партия бағдарламасында биліктегі әйелдердің санын арттыру, коллекторлық бизнесті жою, заманауи автожолдарды салу және тағы да басқа бағыттар бар. Қазіргі таңда партия мүшелері түрлі жобалар жасап, ауыл-аймақты қолдау, Конституциялық заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге ықпалдарын тигізуде. Біздің облыс бойынша 6 мыңға жуық партия мүшесі бар. Абай облыстық филиалының төрағасы Айдын Егеубаевтың айтуынша, 600 мыңнан астам тұрғыны бар облыс үшін бұл төмен көрсеткіш, сондықтан партияға адам тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
АЙДЫН ЕГЕУБАЕВ – ҚХП АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Халықпен бірге 20 жыл» атты дөңгелек үстел өткізідік, бұл жерде партияның 20 жылдағы атқарған жұмыстары, қандай жетістіктерге жетті, қандай өзгерістер енгізе алды. Соның бірін атап өтетін болсақ, жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген Конституцияда референдум жасалды. Соның аясмында қазіргі таңда көптеген халыққа тиімді мәселелерді көтеріп, оның ішінде, міне, ауылды дамыту туралы Президенттің 2022 жылғы 26 қарашасындағы жарлығы бар, соған сәйкес біздің партия тарапынан да өз ұсыныстарымызды, жобаларды әзірлеп, оны да облыстық басқармаларға, әкімшілікке де оны ұсынатын боламыз, ауылды дамыту жөнінде.
Дөңгелек үстелге партия мүшелері, азаматтық ұйымдардың төрағалары, әкімдік қызметкерлері мен қала белсенділері қатысты. Келген қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, алғыс хаттарды табыс етті.
РАФАИЛ ХАЗИПОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
20 жылдықпен құттықтаймын, бұндай партия бізге керек. Себебі сіздердің партияларыңыз – бұл халық үні. Тағы да құтты болсын.
БОРАНБАЙ БЕГАТОВ – «АУҒАН ЖӘНЕ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Барлық ауған жауынгерлерінің атынан осы күнмен, партияның 20 жылдығымен құттықтауға, жақсы табыс тілеуге рұқсат етіңіз. Партия елдің көз алдында. Біз, ауған жауынгерлері, сіздер білетіндей, әскерлердің шығарылуының 35 жылдығын атап өттік. Халық партиясы облыс бойынша алғашқылардың бірі болып ауғандық жауынгерлерді дөңгелек үстелде жинады. Онда айтылған мәселелер шешіліп келеді.
Партияның негізгі бағдарламаларының бірі-халықтың өмірін жақсарту. "Бай азаматтар–бай мемлекет" ұранымен партиялықтар сән-салтанат салығын, қосылған құнға салынатын салықты алып тастауды, сондай-ақ заңсыз жекешелендіру қорытындыларын қайта қарастыруды енгізгісі келеді.
СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ