Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу, оларды жан жақты дамыту, еңбекке балу, сондай-ақ кәсіпке бейімдеу және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету мақсатында өңірімізде кәсіби бағдарлау лагерлері жұмыс істеуде. Бұл жаңа демалыс лагерьлерінің ерекшелігімен тілшіміз таныстырады.

Мамандыққа мектептен бейімдеу. Жаңадан ашылған лагерьлердің өзге демалыс орындарынан ерекшелігі осы. Мысалы, қазірде Бизнес және сервис колледжінде «Profi Camp» жазғы демалыс лагерінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Лагерьге 8 бен 14 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Олар 10 күн ішінде кондитерлік, аспаздық, тігіншілік, дизайн сынды салалар бойынша кәсіби шеберлік сабақтарын , одан бөлек қызықты экскурсиялар квесттер, түрлі ойындарға қатысады.

ВИЛЕНА ЖАКУПБАЕВА- БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Мен айтар едім бұл лагер енді әрбір баланың, әрбір адамның өміріне қажет. Өйткені олар этикетке үйренеді, үстелдің сервировкасына үйренеді. Қалай киіну керек,өзін қалай үстел басында ұстау керек соның бәрін үйренеді. Енді мына Электротехника мен Бизнес және сервис колледжіндегі лагерлар күні бойы болады. Күні бойы балалар тамақтанады, балалар ұйықтайды, экскурсияға барады. Енді ол негізі ақылы түрде 35 000. Егерде көпбалалы отбасынан болса оларға жеңілдік қарастырылған
ЛАРИСА ИВАНОВА- "PROFI CAMP" ЛАГЕРІНІҢ БАСШЫСЫ
Біздің «Profi Camp» лагері балаларда ерте кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді, себебі біз әр түрлі бағыттар бойынша, яғни сән және дизайн, шаштараз , туризм, аспаздық кондитерлік өнімдер дайындау тәрізді шеберлік сабақтарын өткіземіз. Сондай-ақ біздің балаларымызды екінші маусымда қызықты ойын-сауық, квесттер, ойындар күтеді. Мұның бәрі баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді.

Электротехникалық колледж базасындағы «ІТ-лагерь» оқушыларды хакатондарға, стартаптар байқауларға және IT-бағытындағы жарыстарға қатысуға дайындайды. Онда балалар электротехникалық жабдықтармен жұмыс істеудің негізгі ережелерімен танысып, робототехникалық жүйелерді басқарудың басты дағдыларына, әртүрлі жағдайларда роботтардың жұмысын талдау және болжауға және алған білімдерін қолдана отырып, өз механизмдерін құруға үйренеді.

ДІНМҰХАМЕД ТУРГАЗИНОВ- ОҚУШЫ
Маған Электротехника колледжі лагерінде өте ұнайды. Мұнда өте қызықты, көптеген түрлі роботтар бар. Олармен ойнауға болады және дуэльге шығара аламыз. Біз оларды басқаруды үйрендік, маған бұл жер өте ұнайды.

Геологиялық барлау колледжі базасында «Жас геолог» лагері жұмыс істейді. Балалар лагерь бағдарламасы аясында минералогия мен петрографияны, геологиялық бағытта ізденеді. Осы кәсіп иелерінен мұнай мен газды іздеуді үйренеді. Бала бірер апта ішінде мамандықтардың қыр-сырына қанығып, өзіне қай сала жақын екенін бағдарлай алады.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА